Әйелді оңбай соққыға жыққан ер адам жазадан құтылды

4556
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласында әйелді оңбай соққыға жыққан ер азамат ауыр жазадан құтылып кетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Бұл туралы "Не молчи" қоғамдық қоры мәлімдеді.

«Шымкентте елді дүр сілкіндіретін үкім шығарылды. Қылмыскер ауыр жазадан құтылды. Біз істі қайта қарауды талап етеміз!»-деп жазды қор мүшелері.

Олардың айтуынша, қылмыскер бар-жоғы 1 жылға бас бостандығынан айырылған.

«Мейрамхан Қуандықұлы Әліпбаев кінәлі деп танылсын. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 1-бөлімінің 107-бабы бойынша (денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру – ред.) қылмыстық құқық бұзушылық жасалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жаза тағайындалсын.  Қылмыстық кодекстің 3-1 тармағының 62-бабына сәйкес, сотталған Әліпбаев Мейрамхан бас бостандығын шектеу түріндегі жаза мерзіміне, күзетпен ұстау уақыты екі күн үшін бір күн есебімен, яғни 2020 жылғы 11 маусымнан бастап 2020 жылғы 27 желтоқсанға дейін есептелсін және бас бостандығын шектеу өтелді деп есептелсін»,-делінген сот шешімінде.

Айта кетейік, қылмыс 26 мамырда жасалды. Жәбірленушінің жағы мен қабырғасы сынып, миы қатты шайқалған болатын.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер