Алматы әуежайында ішкі рейстер кешікті

869
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Almaty International Airport
Сурет: Almaty International Airport

Алматы халықаралық әуежайында барлық ішкі рейс кешікті. Оған кіруді бақылау жүйесінен шыққан ақау себеп болған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Бекітілген қауіпсіздік алгоритміне сәйкес жолаушылар екінші рет тексеруден өтті. Іс-шара жедел жүргізіліп, кестеге айтарлықтай әсер еткен жоқ. Орташа кешігу уақыты 25 минуттан аспады»,- деп түсіндірді әуежайдың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, қазіргі таңда әуежай қалыпты тәртіпте жұмыс істеп жатыр.

Пікірлер