Қазіргі күнім – «Өкіну»

4093

Еліміздегі қылмыстық-атқару жүйесінде алғаш рет бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында "өкіну", "болашаққа хат", "менің өмірімдегі бақытты күн-2020" номинациялары бойынша үздік шығармаға (әңгіме немесе өлең) әдеби онлайн – конкурс өтті. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ресми сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Байқау  Қылмыстық – атқару жүйесінің  Комитеті адам құқықтары жөніндегі уәкілдің сараптамалық қолдауымен, Орталық Азиядағы Халықаралық түрме реформасының  (PRI) және   "Vnimaniye.kz" жобасының атсалысуымен   ұйымдастырылды. Бір ай ішінде  73 мекемеден қатысуға  ниет білдірген 490 сотталған адам 519 шығарма дайындады.

Әртүрлі ұстау режиміндегі арнайы контингент конкурсқа қатысты, оның ішінде өмір бойы бас бостандығынан айырылғандар мен  тергеу изоляторындағыларда бар.

Байқаудың тақырыбы адам өмірінің үш кезеңін сипаттайды: өткені – "Менің өмірімдегі бақытты күн", Қазіргі күні – "өкіну" және болашағы – "Болашаққа хат".  Шығармаларды жазудың ең танымал тақырыбы "өкіну" болды.

Қазылар алқасының құрамында Қылмыстық – атқару жүйесі Комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев, адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Орталық Азиядағы Халықаралық түрме реформасының (PRI) директоры, Назарбаев Университетінің саясаттанушылары мен әлеуметтанушыларымен қатар  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткерлері Еркеш Шакеевпен пен Нартай Сауданбекұлы, "Жазаларды орындау-жазаны орындау" журналының шеф – редакторы және Қылмыстық – атқару жүйесі Комитетінің  отставкадағы еңбек сіңірген қызметкері А.Қазбекова болды.

Байқау қорытындысы бойынша барлық үш номинация бойынша жүлделі орындар берілді. Бірінші орын алған екі қатысушы 50 мың теңге, ал екінші орын алғандар 30 мың теңгеден сертификат алды. Үшінші орын алған екі сотталушыға 12 "Тарлан" карточкасына сертификаттар және Комитет тарапынан ынталандыру сыйлықтары берілді. Бұдан басқа, Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарының сотталғандарына негізгі наградадан басқа номиналы айына 1000 бірлік Еко Тарлан картасына жылдық жазылу түрінде бес арнайы сыйлық табысталды.

Алынған қаражат сотталғандардың  депозиттік шоттарына жіберілді. Жаңа жыл қарсаңында жеңімпаздар жақындарына сыйлық ретінде ақша жібере алады, сондай-ақ мекеменің дүкенінен тауарлар сатып ала алады.       Сондай-ақ болашақта сотталғандардың еңбектерінің жинағын шығару жоспарлануда.

"Адырна" ұлттық порталы

Фото ашық дереккөзден алынды

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket