Дәулеткерей КӘПҰЛЫ: Ауыл қазағының көзіндегі жасты сүрте алдық па?

2455
Adyrna.kz Telegram

 

 

 

 «Қаланы қопардың да, шайқадың да,

Бірақ, бақыт таппадың, байқадың ба?

Бақыт деген қалаға барған жоқ қой,

Бақытты болғың келсе, қайт ауылға!»,–деп ақындар жырлағандай кей сәттерде адам жанына ауыл деген сөздің өзі жұбаныш болары сөзсіз. Ал халықтың басым көпшілігі қалаға қарай ағылмай, өз туған топырағында тұрақтаса, демек мемлекеттің халыққа, халықтың өз-өзіне деген адалдығы болар еді. Иә, алда сайлау келе жатыр. Сайлауда алтын қазығының қамын ойлайтын, «ауыл» десе жүрегі атойлап қоймайтын, қиын-қыстау тұрмыс-тіршілігінен арылтуға көмек қолын созатын «Ауыл» партиясы туралы ел аузында жүргендер не дейді екен?! Ендеше ҚР парламенті мәжілісінің депутаттығына кандидат, "Ауыл" партиясының мүшесі Дәулеткерей Кәпұлының пікіріне назар аударыңыздар.

- Ауыл деген атының өзі адамның жүрегіне жақын. Кіндік қаным тамған жер ауыл болғандықтан және сол ауылдың қадір-қасиетін қашырып алғандықтан әлдеңе жасағым келеді де тұрады. Міне, осы себептен ғана партия мүшелігінен өтіп, партия арқылы ауылға көмек-қолымды созамын деп белсеніп отырмын. Таяуда ғана ақын-жазушылар, қаламгерлермен бірігіп, «Ауылым–алтын тұғырым» байқауын да өткізген едік. Осы секілді өткізген әдеби конкурстардың басы-қасында табылып жүргендіктен, туған топырағымыз үшін қам-қарекет жасау, жағдайын көтеру ісіне араласқым келді. Ауыл қазағының көзіндегі жасты сүре алдық па? Міне, осы басты сұрақ. Жаппай қазақ қалаға көшіп, ауыл билік тарапынан қараусыз қалды. Ауыз-су мәселесі, егіннің дұрыс шықпауы, көктемде лай кешу, қыстың күні қар астында қалу, мал-жанға қолайсыздық, жеп-шөптің қымбаттығы мәселелері кез-келген адамды шаршатары сөзсіз. Сондықтан осы мәселелерді шешу үшін барымызды саламыз. Президент тіл мәселесін, ел мәселесін айтты. Ол ара-тұра жиындарда ғана жылт етіп тұрды. Сонымен 30 жыл өте шықты. Ауыл дейтін асыл қазынамызды сәл шаршатып алдық. Енді бізге әрекет ету керек.

Мен көкейде жүрген бірнеше ұсыныстарымды айтайын. Алғашқысы, тіл мәселесі. Тіл – тәуелсіздігіміздің кепілі, ұлттың жаны. Сондықтан басқа ұлт өкілдерін қазақша сөйлету керек. Ол үшін әрине, жоғарыдағы дөкейлерді бұлбұлша сайратуға тиіспіз. Өзіміз тілді қадірлеп тұрмаған соң, басқа ұлттар да шалқаяды. Мен басқа тіл де білмеймін. Сондықтан өз басым тек қазақша сөйлеймін.

Екіншісі, қазақ халқының рухы ауылдан бастау алатының ұмыттырмау. Төрт-түлік малдың қадір-қасиетін арттыру. Ауыл шаруашылығының капиталын түзеуге жан салу. Ол үшін ауыл шаруашылық менеджерлерін оқыту ісін қолға алайық.

Үшіншісі, ауылдың тұрмысын түзеуіміз керек. Ол үшін де қаржы мен ұмытылыс, мақсат қажет.

Төртіншісі, әр адам – ұлтымыздың тағдырын құраушысы екенін есте ұстағаны жөн. Әрине, ол үшін қара шаңырағын, ата-әжесін, мал-жаның ұмытпай, саяси сауатын арттырып, сайлау учаскесінен табылып, «Ауыл партиясына» дауыс берсе екен деймін.

Мақалаға қаражат «Ауыл» Халықтық-Демократиялық

патроиттық партиясының

сайлау қорының қаражатынан төленді

 

Ақгүл АЙДАРБЕКОВА,

«Адырна» ұлттық порталы

 

 

 

Пікірлер