«ҚазМҰУ» жер дауына қатысты жауап берді

1989
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласының әкім әр жылдары қабылданған "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" ШЖҚ РМК жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығын беру туралы 2 түрлі Қаулысы бар деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Қамшы сайтына сілтеме жасап.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне тиесілі жерлерге қатысты дау шықты. Заңгер Бақытжан Базарбек Facebook парақшасында Алматы қаласының бұрынғы әкімі Ахметжан Есімов қабылдаған жер туралы қаулы мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға тиесілі жердің құжаттарын негізгі ала отырып бірнеше жылда университеттің аумағы қысқарғанын айтып дабыл қақты.

Заңгердің айтуынша,  Алматы қаласының әкім әр жылдары қабылданған "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" ШЖҚ РМК жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығын беру туралы 2 түрлі Қаулысы бар.

Бірі осыдан 9 жыл бұрын, яғни 2012 жылы 30 қаңтарда № 1-1/294 және 2017 жылы 2 қазанда № 4/392-2236 екінші қаула қабылданған. Бақытжан Базарбектің айтуынша, 2012 жылы қабылданған қаулыға экс әкім Ахметжан Есімов қой қойған. № 1-1/294 қаулыға сәйкес әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жер учаскесінің ауданы - 73,2662 гектар. Бес жылдан кейін жаңа қаулы шығады. Онда аталмыш университеттің жер аумағы - 71,4220 гектар деп көрсетілген.

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жерлері қайда кетті?»

-Біріншіден, әкім Ахметжан Есімов қол қойған 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 1-1/294 қаулыға сәйкес, 2012 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жер учаскесінің аумағы - 73,2662 гектар болды. 2017 жылы жаңа № 4/392-2236  қаулы шығады. Онда жер аумағы   - 72,4872 гектар, ал университетке тиелісі жер - 71,4220 гектар деп көрсетіледі.  Егер кадастрлық нөмірі 20-313-009-014 болатын жер учаскесін есепке алсақ университет аумағы 73,2662 гектардан 72,4872 гектарға қалай қысқарды!

"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" ШЖҚ РМК  берген жер учаскесінің жалпы алаңының шамамен 0,8 гектар қайда кетті?, - деп сауал жолдады Бақытжан Базарбек.

Заңгер статистикалық мәліметтерді де келтірді. Оған сәйкес, 2012 жылы ҚазҰУ-дың жер учаскесі 73,2662 гектар болса, 2017 жылы ол 71,4220 болған.

ҚР Жер кодексінің 39-бабының 2-тармағына сәйкес, мемлекеттік жер пайдаланушыларға өзіне тиесілі жер пайдалану құқығын иеліктен шығаруға және кепілге беруге тыйым салынады.

-Бастапқы қаулы шыққаннан кейін (2012 жылғы 30 қаңтардағы) 2017 жылы түсініксіз себептермен жер аумағы өзгертілген 2017 жылғы 02 қазандағы жаңа қаулы шығады. Бұл жерге орналастыру жобасын әзірлеуді және сәйкестендіру құжатын (жерге мемакт) жаңартуды талап ететін жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларында өзгерістердің болуын растайды. 2015 жылы 6 мамырдағы 379 ережеге сәйкес, жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары (конфигурациясы, шекаралары, ауданы) өзгерген жағдайда жерге орналастыру жобаларын әзірлеуді көздейді.

2017 жылы жерге орналастыру жобасы болғаны және ол ҚазҰУ мен Алматының Жер қатынастары басқармасымен бекітілгеніне күмәнім жоқ. Ал қаулы жерге орналастыру жобасынсыз шығарылмайды, сәйкесінше жерге орналастыру жобасына дейін мәселені әкімдіктің жер комиссиясы арқылы өткізіп, жер комиссиясының хаттамалық шешімі шығарылды, деп жазды Бақыт Базарбек.

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан кім жер комиссиясына материалдар жіберді?»

Заңгер заңға сүйеніп, ол бойынша жерге орналастыру өндірісі үшін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың өз келісімі керек. Яғни әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан біреу әкімдікке жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге өтініш білдіріп, жерге орналастыру жобасын бекітуі қажет. Бақытжан Базарбектің айтуынша, «біреудің» пайдасы үшін «біреу» әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жер учаскесінен бас тартуы тиіс. Шенеуніктер оны өз бетінше істей алмайды. Шенеуніктер өзбетінше мұндай қадамға бара алмайтынын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да растап отыр.

«Университет пен ҚазҰУ-дың лауазымды тұлғалары жер учаскесінің бір бөлігін үшінші тұлғалардың пайдасына иеліктен шығару жөнінде келісім берген жоқ және де жер учаскесін басқа тәсілмен бөлуге қатысқан жоқ. Айта кетерлік жайт, барлық мүлік пен жер мемлекеттік актив болып табылады, сәйкесінше ЖОО-да оларды иелену, пайдалану және билік ету құқығы жоқ» делінген ресми жауапта.

ҚазҰУ реси сайтында  ҚР Жер Кодексінің 43, 44-1 және 48-баптары, сондай-ақ «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңының 4-бабының 1-тармағы мемлекеттік мүлікті, оның ішінде жер учаскелерін басқару, беру/сату саласындағы мемлекеттің құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Жоғарыда аталған заңдардың баптарында шешімдер қабылдау тәртібі заңнамалық түрде айқындалған, сондай-ақ мемлекетке тиесілі мүлік пен жерге қатысты кез келген жеке-дара шешім қабылдау тәртібі алынып тасталған айтып. университет басшылығы өз қалауы бойынша мемлекеттік мүлік пен жерді беруді жеке-дара жүзеге асыра алмайтыны жазады.

 

Пікірлер