БЕКБОЛАТ ҚАРЖАН: Ауылдарымызды осылай дамытайық!

1003

АҚШ-тың ауылшаруашылығы басқа елдерге қарағанда мүлдем өзге форматқа ауысқан. Державаның ауылшаруашылық секторы да нарықтық капиталисттік жүйеге өткен. АҚШ ауылшаруашылығы өнімдерімен тек өзін ғана қамтамасыз етпейді, тіпті планетаның 15 пайызын ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етуге әлеуеті асып жығылатын ел. АҚШ әлем елдеріне бидай мен жүгеріден басқа да қаншама ауылшаруашылық дақылдарын экспорттайды.

Ауылшаруашылығы өндірісінің барлық саласы техникалық-өндірістік базалармен жабдықталуымен қатар, климаттық жағдайларға да сай тәртіппен жұмыс жасайды. АҚШ-тың шығыс өңірлері жазықтық болса, батыс өңірлері таулы, шөлді, субтропиктік аймақтарға жатады. 48 штаттың ауылшаруашылығы жерлерінің 80 пайызына дейін эксплуатацияға беріледі екен. Бұл дегенің АҚШ тың триллиондарды құрайтын бюджетінің бір бөлігін алып жатыр деген сөз.

Мұны салыстырмалы түрде айтып отырмын. Салыстырмалы түрде айтқанда, АҚШ пен Қазақстанды салыстыруға болмас. Оның 330 миллиондай халқы бар, өркениеті дамыған көшбасшы ел. Ал, біздің Қазақстанның ұлан-ғайыр жерінің АҚШ сияқты 80 пайыз ауылшаруашылық жерлерін пайдаланып, орта және шағын кәсіпкерлікке беру керек. Астық өндірісі мен мал шаруашылығы бойынша жаңа моделдегі реформалар бізді алдымызда күтіп тұр. Егер біз ел боламыз десек.

Ниетіміз жақсы болса. Қай дамыған немесе дамушы елдің ауылшаруашылық саласын ашып қарасаңыз да, бәрінде орта және шағын кәсіп мемлекеттің 80 пайыз табысын құрап отыр. Ұлттық буржуазия да осындай таптап қалыптасады. Мұның мемлекеттің әлеуметтік жағдайын ғана жаңғыртуға емес, ұлттық идеологиялық бағытын да түзеуге ықпалы орасан. Сондықтан ұлттық орта таптың әлеуметтік әлеуетін оңалдырмай, бізде ұлттық буржуазия да қалыптаспайды. Жағдайға реали көзбен, прагматикалық ұстаныммен баруымыз керек.

Біздегі ауылшаруашылық сектордың 95 пайызы десем қателеспеймін, әкімшілік органдармен ауыз жаласқан олардың туыстары, таныстары, басқасы болып, топ топ болып еншілеп алған. Мұндай саясат жақсылыққа апармайды. Ауылды жегідей жеп отырған осы топты мемлекеттің күшімен ғана ауыздықтап тастауға болады. Сондықтан да ауылшаруашылық саласына идеологиялық әрі экономикалық реформа керек. Ауыл партиясының шамасы жеткен деңгейінде осы реформаны қарастырып, мінберде көтеруін, азаматтық альянспен жақын жұмыс жасауын сұраймыз. Бұл партияның міндеті. Ертең сайлаушылар болып талап етуге құқылымыз. Азаматтарды да осы реформаны жүзеге асыруға, белсене атсалысуға шақырамын.

Суретте АҚШ фермерлерінің ауылшаруашылығы секторына инновациялық-технологиялық жабдықарды қолданудағы көрінісі. Біз де табандап осы деңгейге көшуіміз керек. Дамыған капиталисттік ел әрі әлемдік нарықтың қожайындары деп осыларды айтады. Қандай әдемі көрініс!

 

Пікірлер
Редакция таңдауы