Айдар Саттаров: Не тұтынып жүргенімізді әлі де білмейміз!

1059

Бүгінде минералдық тыңайтқышсыз, пестицид, өзге де техногенді қоспасыз (гендік модификациясыз) тағам өндіру ұлт денсаулығы үшін аса маңызды екенін жақсы білеміз. Бұл бағытта саламыз да даламыз да әлеуетті.

Алайда құрамында ГМО бар азық-түлік өнімдері ешқандай тексеріссіз қазақстан нарығын жаулап жатыр. Бұл ГМО-ны анықтайтын арнайы зертханалардың жоқтығымен байланысты. Дамыған елдерде бұл мәселе қатты бақылауда. Мысалы, Евроодақ құрамындағы елдерде ГМО компоненттері қосылған азық-түліктерін өндіруге және импорттауға қатаң шектеулер қойылған. Ережеге сай, құрамындағы ГМ-қоспасы 0,9%-дан асқан өнімді пайдаланбайды. Аталған ұйым 2004 жылы 4 жасқа дейінгі балалардың тағамына ГМО қосуға тыйым салды. Ал біздің елдің балаларына арналған тағам түрлерінің жағдайы қалай? Оны тексеріп жүрген бір де уәкілетті орган жоқ.

Әлем ғалымдары ГМО-ң зияны туралы көптеген дәлелдер келтірген. Американдық ғалым Джон Фаган, Клэр Робинсон сияқты ғалымдар ГМО өнімді үздіксіз пайдаланған жағдайда, адамның асқазан жолдарындағы кейбір микроағзалар бөтен гендерді ұстап алып, оларды өз ДНҚ-сына айналдырып, ағзада рак клеткаларының пайда болатынын және бедеулікке соқтыратынын дәлелдеді.

Шотландиядағы Абердин университетінде профессор Пуштай трансгенді ГМО картоппен қоректенетін егеуқұйрықтарға тәжірибе жүргізген. Нәтижеде егеуқұйрықтарда ішек қабығының зақымдануы, бауырдың ішінара атрофиясы, тимус пен ішкі ағзалардың салмағының өзгеруі тіркелді. Италияда, Урбино университетінде 2002 жылы ГМО соясымен қоректенетін тышқандар зерттелді. Оларда да бауырда өзгерістер болып функциялары бұзылды. Канн университетіндегі профессор Гиллес-Эрик Сералини бастаған бір топ француз зерттеушілері егеуқұйрықтарды екі жыл бойы АҚШ-тан әкелінген ГМ жүгерімен тамақтандырды. Тәжірибеге қатысқан жануардың 83 пайызында қатерлі ісіктер пайда болды: ұрғашылары жатыр қатерлі ісігі, еркек тышқандар тері мен бауыр қатерлі ісігі салдарынан барлығы ажал құшты.

Дәл осындай факторларды ескере отырып, «Ауыл» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасына ГМО азық-түлік тауарлары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге, сатуға тыйым салу және Қазақстанға әкелінетін тамақ өнімдері құрамын тексеретін зертхана құруды енгізіп отыр. Партияның осы бағытта нақты ұсыныстары бар. Олар үкімет басшысының атына да жіберілген. Бірақ осы уақытқа дейін нақты жауап келген жоқ.

Партияның позициясы анық – ГМО бар азық-түліктердің өндірілуі мен сатылуына тыйым салу!

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket