Бекшин жаңа қалуыға қол қойды

1884
Adyrna.kz Telegram

Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Жаңа жыл мерекесіне байланысты үйге Аяз ата мен Ақшақарды шақыруға тыйым салатын Қаулыға қол қойды.

Қалуыға сәйкес Жаңа жыл қарсаңында көпшілікпен өтетін іс-шараларға тыйым салынды. Яғни, 25 желтоқсаннан бастап 5 қаңтарға дейін мерекелік шараларды өткізуге рұқсат жоқ. Сондай-ақ аниматорларды, яғни Аяз ата, Ақшақар және басқа да жаңажылдық кейіпкерлерді сомдап, үй аралайтын агенттіктердің жұмысына шектеу қойылды. 

Құжатта балабақшалар мен мектептерде қосымша кезекші топтар ашуға да рұқсат жоқ екені айтылған. Сондай-ақ, сауда, ойын-сауық орталықтары мен қоғамдық тамақтану орталықтары белгілі бір шектеу шеңберінде 23:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

- Азық-түлік сататын дүкендерді және супермаркеттердің уақытын біз тәулік бойы шектеген жоқпыз. Өздерінің маркетингтік жасаған жұмыстарының нәтижесіне қарап, салыстырып өздерінің режимі бойынша жұмыс жасайды. Сондықтан біз олардың жұмыстарын уақыт бойынша шектеген жоқпыз,  - дейді қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.

Жандарбек Бекшиннің сөзінше, соңғы айда коронавирус жұқтырғандардың саны арта түскен. Егер қараша айында 1400 тұрғыннан COVID-19 анықталса, желтоқсан айының басында бұл көрсеткіш 1600-ден асып түскен. Бұл індеттің өсу қарқынын көрсетеді.

Қаулы желтоқсанның 26-нан бастап күшіне енеді. Еске салсақ, Алматы қаласында індет таралуының жасыл деңгейінен сарыға өткен тәулік ішінде 90 адамнан коронавирустық инфекция белгілері анықталған.

 

Думан Аманжолұлы,

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер