Роза Рымбаева «ШҚО Құрметті азаматы» атанды

3588
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваға «ШҚО Құрметті азаматы» атағы берілді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін облыс әкімі Даниал Ахметов Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваға «ШҚО Құрметті азаматы» төсбелгісін табыс етті.

– Бүгін қуанышты, әрі тарихи күн. Жаңа жыл қарсаңында жерлесіміз, Қазақстанның халық әртісі Роза Қуанышқызы Рымбаеваға «ШҚО Құрметті азаматы» атағын жеке тапсырудамын. Мен үшін бұл зор құрмет. Біз әрдайым жерлестеріміздің жеңісі үшін қуанып, қолдап жүреміз, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Кездесу барысында эстрада әншісі жақында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай қорытынды концерт өткізді. Әнші, Семей қаласында мерейтой аясында атқарылған жұмыстардың ауқымын жоғары бағалап, ұлы ақын – Абайдың қазақ үшін алар орны зор екенін ерекше атап өтті.

– Жыл сайын өзімнің гастрольдік сапарымды Шығыс Қазақстаннан бастауға тырысамын. Себебі, туған өлкемнен ерекше шабыт, күш-қуат аламын. Халқыма жүрекпен ән шырқап, бір толқында өнер көрсетемін. Бүгінгі марапат үшін халқыма зор алғысымды білдіремін, - деді Роза Қуанышқызы.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер