Нұр-Сұлтанда шырша жағу салтанаты өте ме?

1082

Нұр-Сұлтанда шырша жағу рәсімі қашан және қайда өтетіні белгілі болды, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің хабарлауынша, 22 желтоқсан сағат 20: 00-де Нұр-Сұлтанда қаланың барлық жаңа жылдық шыршалары жанады. Қала аумағында олардың саны 30-дан асады. Хабар телеарнасы «Ғажайып шырша» қысқаметражды фильмін 19:50-де көрсете бастайды, ал 20: 00-де ЭКСПО-да орналасқан бас шыршаны жарықтандыруға арналған дайындалған бейнеролик көрсетіледі.

Он минуттық фильмнің өзі бірнеше новелладан тұрады: игі істер, жануарларға деген сүйіспеншілік пен қамқорлық, ата-аналарға деген құрмет пен қамқорлық, отбасылық құндылықтар.

Сондай-ақ 22 желтоқсанда «Үйдегі шыршаны безендіру» флешмобы аясында азаматтарды 22 желтоқсанда сағат 20.00-де өз үйлерінде шыршаны жағуға қатысуға шақыратын бейнеролик жарияланды. Бұл флешмобқа кез-келген адам телефонға видео немесе фото түсіріп, әлеуметтік желілерге орналастыра отырып, Нұр-Сұлтан әкімдігінің парақшасын белгілей отырып, #Мейірімдіболуәдет, #Добротаобразжизни, #Моднобытьдобрым хэштегімен жариялай алады.

Жаңа жыл қарсаңында елорда тұрғындары үшін бейне құттықтаулар ұйымдастырылады. Оған танымал адамдар, қазақстандық эстрада жұлдыздары, актерлер және т.б. қатысады.

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket