ЕРМҰРАТ БАПИ: Медицина қызметкері неге марапатталмады?

1839

Салпыншақ үлестіру мезеті бітті ме? Бітсе, билікке қарата бірер сөз айтайық. Белгіленген статуты бойынша, "Халық алғысы" медалі мұғалімдер мен дәрігерлерді және пандемия кезінде ерекше көзге түскен азаматтарды марапаттауға арналған екен. Жөн! Өте мейірімді марапат!
Бірақ пандемия кезінде Ковид майданында қаза тапқан 182 медицина қызметкері неге ұмыт қалды? Оларды "посмертно" деген белгімен марапаттауға болмас па еді?! Олар індетпен кескілескен күресте "соғыс алаңында" ерлікпен қаза тапты!
Кеше ғана, бес-алты ай бұрын қаза болды! Өлді! Бітті! Жоқ! Қазақ елін қатерден алып қалу жолында жанын берген осы 182 боздақты өкімет ұмытты ма?
Бірақ оларды өкімет ұмытса да, олардың бала-шағасы мен туған-туыстары, еңбек ұжымдары, пациенттері, өлімнің аузынан қайтқан әрбір адам ұмытпайды (олардың саны ондаған мың!).
Елді кешегі катастрофадан құтқарып қалған дәрігерлер еді. Ендеше олардың қаза тапқан әріптестеріне, шәйіт болған боздақтардың аруақ рухына "Халық алғысын" айтуға болмас па еді?

Пікірлер
Редакция таңдауы