Қар барысы - коронавирусты жұқтырған соңғы аң...

818

«Вируспен ауырған арыстандар мен жолбарыстар жазылып шықты» деген ақпаратқа сенесіздер ме?

Сенбесеңіздер, Луисвилл хайуанаттар бағындағы қар барыстары коронавируспен ауырған ең соңғы аңдардың қатарында. NeeCee атты ұрғашы қар барысының жағдайы оң нәтиже беріп отыр, қалған екі барыстың да хал-ақуалы түзеледі деп күтілуде. Алайда ол ұлттық, ветеринариялық, диагностикалық орталығында расталуы керек.

Бұл қар барыстарында, сәуірде Бронкс зообағындағы жолбарыстар мен арыстандарда анықталғандай, жөтел мен ысқырудың белгілері байқалды. Ал Нью-Йорк зообағындағы жолбарыстар  еш қиындықсыз емделіп шықты. Кентукки хайуанттар бағындағы ауруға шалдыққан қар барыстары да көп күттірмей жазылып шығады деп болжануда.

Ол, ол ма? Сонымен қатар күзендер, иттер мен үй мысықтары да адамдар сияқты Covid-19 вирусын жұқтырды. Тіпті мысықтар мен күзендер оны басқа жануарларға да тарата алатын болып шықты. Күзен – бұл індетке қатты шалдығатын және коронавирусты адамдарға жұқтыра алатын жалғыз жануар.

Вирустың мутацияға ұшырауы вакцинаның тиімділігіне кері әсер етеді. Дания елі: «осы қауіптің алдын алу үшін 17 миллионға жуық күзенді өлтіру керек «деген шешім қабылдады. Десе де күзеннің қауіп төндіре алуы дәлелденген жоқ, бірақ көптеген ғалымдар бұл әрекетті қолдады. Өйткені күзендер арасындағы пандемия мутацияның пайда болуына, адамдарға және басқа жануарларға тез таралуына түрткі болушы еді.

Иттер мен мысықтардың адамдарға вирусты жұқтыруы туралы нақты дерек жоқ. Аурудың алдын алу мен бақылау орталығы үй жануарларының иелері мен ауылшаруашылығындағы күзен фермерлеріне арналған арнайы нұсқаулық дайындады.

Жалпы, жануарларда вирусты анықтау адамдардыкінен өзгеше. Ондай тәжірибелер арнайы зертханаларда жасалады. Мәселен, Луисвилл хайуанаттар бағы қар барыстарының нәжіс сынамаларын Иллинойс Университетінің ветеринарлық, диагностикалық зертханасына жібергеннен кейін олардың коронавируспен ауырғандығы анықталды.

Ол сынамалар қосымша Айова штатындағы ұлттық, ветеринарлық қызмет зертханаларына жөнелтілді. Сараптау нәтижесі бойынша NeeCee қар барысының жағдайы оң нәтижелі екенін растады. Ал қалған екі ілбістің денсаулығы туралы сынама нәтижелері күтілуде.

Дереккөздер:

  1. James Gorman/2020/Snow Leopards Are the Latest Cats to Be Infected With the Coronavirus

https://www.nytimes.com/2020/12/11/science/covid-snow-leopards.html

Аударған: Қымбат МҰРАТ,

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер
Редакция таңдауы