Бақылаушыларға арналған семинар өткізді

795

«Ақ жол» партиясының республикалық сайлауалды штабы филиалдармен сенім білдірілген адамдар мен бақылаушыларға арналған оқыту семинарын өткізді деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы партияның баспасөз қызметіне  сілтеме жасап.

«Ақ жол» партиясының республикалық сайлауалды штабы филиалдармен сенім білдірілген адамдар мен бақылаушыларға арналған оқыту семинарын өткізді. Іс-шара онлайн режимде өтті.

Партияның заң қызметінің директоры Рүстем Жұмаділов қолданыстағы заңнама нормалары туралы айтып берді.

Партиялық тізімдерін ұсынған барлық саяси партиялардың өздеріне сайлау науқанын жүргізуге көмектесетін, сайлау алдындағы үгіт-насихатты жүргізетін, кандидаттардың, саяси партиялардың мүдделерін білдіретін сенім білдірілген адамдары болуы мүмкін.

Семинарға қатысушылар сенім білдірілген тұлғаларды/бақылаушыларды тіркеу тәртібі туралы, сенім білдірілген тұлға үшін негізгі талаптар туралы ақпарат алды. Сенім білдірілген тұлға Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс және сайлау комиссиясының мүшесі немесе саяси мемлекеттік қызметші бола алмайды.

Штаб заңгерлері сенімді тұлғалардың бақылаушылар сияқты құқықтары мен міндеттері бар екенін еске салды.

Осыған байланысты, семинарға қатысушылар Сайлау туралы заңның 20-1 бабымен танысты, онда бақылаушылардың құқықтары мен міндеттері көрсетілген.

Шара барысында филиал өкілдері өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, оларға толыққанды жауап алды.

Республикалық сайлауалды штабтың заңгерлері өңірлердегі партия мүшелерін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының талаптарын мүлтіксіз сақтауға шақырды.

Мақаланың ақысы "Ақ жол" демократиялық

партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді. 

Пікірлер
Редакция таңдауы