Қайтсек жерімізге ие боламыз?

674

Ақыры кешеден бері жер туралы мәселе шығып жатыр екен. Өз ойымды, азаматтық пікірімді білдірсем.

Жер бетінде қаншама ұлт, ұлтарақтай жерге ие болып, тәуелсіз ел болуды армандауда. Біз де алдымен Аллаға шүкір, екінші ата-бабаларымызға мың рахмет, Алтай мен Арқа арасын созып жатқан, ұлан- ғайыр жеріміз бар. Неліктен бұл мәселе осымен қанша мәрте, көршілес елде көтеріледі? Оның мың сан себебі болуы мүмкін. Мен көріп тұрған бір себебі, жеріміз бос жатыр. Халық саны аз шоғырланған, игерілмей жатыр. Пойызбен екі облыс арасына жол жүріп көрсеңіз, өзіңіз де растайсыз.

Қит етсе, шет елдік тәжірибе дейміз ғой. Жерінің тек 20% - ы ғана ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіруге мүмкіндігі бар Израиль, өз ішінде нарықтың 90%- ын азық- түлікпен, ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Және алыс- жақын шет елге де экспорттауда. Еуро одақты қосқанда.

Біз аз ғана халқы бар мемлекетпіз. Тек бір ғана ауыл шаруашылығын дамытып, бос жатқан жерді игеріп ғана 18 млн халықты асырауға болады, деп ойлаймын. Және біздің өнімдер шынында да дәмді және сапалы емес пе? Оны алыс- жақын шет елге барып, өзге елдің еті мен нанын жеп келгендер растай алады. Тек 18 млн халықты асырап ғана емес, әлемде ауылшаруашылық саласының державасы болуға әбден қауқарымыз бар.

Ата- бабаларымыздың қанымен алып берген жерінің, қазба байлығы таусылар. "Түлкінің қызылы өзіне сор". Енді бізге жер асты байлығын емес, үстінің байлығын өз несібемізге жаратар күн келді.

Екінші мәселе."Байдың асын, байғұс қызғанады",- болмай. Жас және көп балалы отбасыларға барынша қамқорлық көрсетілуі тиіс. "Баланы қалай асыраймын",- деп, қорықпай, ертеңіне сенімді болғанда ғана халық саны көбейеді. Сонда ғана біз осы жерге ие бола аламыз. Әсіресе ауылдағы ағайынның жағдайы жасалса, алтын құрсақты аналарымыз 7-8 қарадомалақты көбейтер еді.

Үшінші мәселе, халықты жаппай салмақты, заманауи білімге жетелеу. Арзан ойын- күлкінің заманы өтті. Жан- жағымызға қарап балаларымызды заманға сай білім беруге ұмтылдыру. Ол үшін әрине біз ата- аналар өзіміз саналы, сауатты болуымыз керек. Инстадағы жұлдыздардың, арзан күлкілі дүниеге емес, салмақты, салихалы дүниені ұлағаттайтын уақыт келді.

Жанерке ЖҮНІС.

Фото ашық дереккөзден алынды.

   

Пікірлер
Редакция таңдауы