«Солтүстік Қазақстан – орыстың жері» деп елшілікке баннер ілген

2070

«Солтүстік Қазақстан – орыстың жері» деп жазылған баннер Мәскеудегі Қазақстан елшілігінің қақпасына ілінген деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ресейлік «ОВД-Инфо» басылымына сілтеме жасап.

«Қазақстан елшілігінің алдында «Патриот» қозғалысының мүшесі Антон атты азамат ұсталды. Бұл туралы Антонның жолдастары хабарлады. Антонның достарының айтуынша, полицейлер оны елшіліктен аулаққа алып кеткен. Байланыстан ажыраған.  Антонды «Солтүстік Қазақстан – орыстың жері» деген баннер үшін ұстап әкетуі мүмкін деген болжам бар»  деп көрсетілген хабарламада.

Бұл жағдай 11 желтоқсанда болған. Ал келесі күні «Большая игра» бағдарламасында Дума депутаты В.Никонов Қазақ қоғамын дүрліктірер дүниені айтып сандырақтап еді. Мұның барлығы жай ғана сәйкестік пе, әлде алдын-ала дайындалған шоу ма? Әзірге белгісіз. Ресейлік басылым Антонның кейінірек босатылғанын хабарлады.

Пікірлер
Редакция таңдауы