«Ақ жолдың» үгіт-насихат тобы Алматы кәсіпорындарында кездесулер өткізуде

2073
Adyrna.kz Telegram

«Ақ жол» үгіт-насихат тобы Алматы кәсіпорындарында кездесулер өткізуде. Үгіт-насихат науқаны аясында Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер «Ақ жол» партиясының өкілдері алкогольсіз сусындар өндіретін «Libella Bottlers Almaty» зауытының жұмысшыларымен кездесті. Өндіріс өз жұмысын 1998 жылдан бастап жүргізеді. Осы уақыт ішінде компания бірнеше беделді сыйлықтарға ие болды, оның ішінде 2002 жылдан 2007 жылға дейін «Жыл таңдауы» марапаты бар.

«Мұндай кәсіпорындарды, ең алдымен, біздің мемлекет, біздің Үкімет қолдап, олардың нығаюы, дамуы, жаңа жұмыс орындарын құруы үшін жағдай жасауы тиіс», - деп есептейді партия төрағасының орынбасары, Мәжіліс депутаттығына кандидат       Дмитрий Васильев.

Зауыттың 200 қызметкері жылына 60 миллион литр сусын шығарады. Кездесу барысында олар мемлекет тарапынан бизнесті қолдау қажеттілігіне келісті. Сондай-ақ, «Ақ жол» саясаты кәсіпорындардың экономикалық жағдайын жақсарту және жұмысшы кадрлардың жаппай шетелге кету жағдайын болдырмау бойынша өз ұсыныстарын айтты.

«Бұл кәсіпорын биыл бір жарым миллиард теңге салық төледі. Бұл біздің экономикамызға өте лайықты үлес, бірақ пандемия кезінде олар локдаун мен блокпосттар енгізген кезде жұмысшыларынан айырылды, себебі олардың жұмысшыларының үлкен бөлігі қала маңында, аудандарда тұрады. Олар жұмысқа келе алмады және кәсіпорын өз қызметкерлерінсіз қалды, осыған байланысты белгілі бір шығындарға ұшырады», - деп атап өтті Азат Перуашев. Ол «Ақ жол» партиясы мен оның парламенттік фракциясы бизнесті қолдау бойынша, оның ішінде пандемия кезеңінде де үнемі бастамалар мен ұсыныстар жасап отыратынын атап өтті.

Жоғарыдағы шара мен қатар «ақжолдықтар» Қазақстан мен Орталық Азия нарығына май өнімдерін шығаратын және жеткізетін Алматы маргарин зауытына да барды.

Үгіт-насихат тобы кәсіпорын қызметкерлерін «Ақ жолдың» сайлауалды бағдарламасымен таныстырды, партия мен парламенттік фракцияның жұмысы туралы сөз қозғады.

«Ақ жол» кандидаттары сұрақтарға жауап беріп, сайлаушылардың шағымдарын тыңдады.

Мақаланың ақысы "Ақ жол" демократиялық

партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді.

Пікірлер