Азаматтардың 15 млн. теңгесін заңсыз иемденген

2734
Adyrna.kz Telegram

Павлодарлық алаяқ азаматтардың 15 млн. теңгесін заңсыз иемденген. Оның заңсыз әрекеттерінің салдарынан еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ден астам адам зардап шеккен, – деп хабарлайды «Адырна» Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жалған кәсіпкер азаматтарды интернет-сайттарда автобөлшектерді нарықтық бағадан төмен бағамен сату туралы хабарландыру орналастыру арқылы алдаған. Тапсырыстарды қабылдай отырып, ол тауар үшін толық соманы алдын ала немесе ішінара банк картасына аударуды талап етіп, ал тапсырыстарды курьерлік қызмет арқылы жіберуге уәде берген. Төлемді алғаннан кейін алаяқ тапсырыс берушілерді біраз уақыт бойы курьерлік қызметтің нашар ұйымдастырылуына байланысты жеткізудің кешігіп жатқаны туралы алдап, уақыт созып, содан кейін ұялы телефонын толығымен өшіріп тастаған.

Қазіргі таңда аталған алаяқтық фактілері бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық)  бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер