7 адам автокөлікпен мұз астына түсіп кеткен.

1621
Adyrna.kz Telegram

2020 жылдың 8 желтоқсанында Қызылорда облысының Арал ауданында Қамыстыбас ауылынан 35 шақырым жерде Қамбаш көлінде «УАЗ» маркалы автокөлік мұз астына түсіп кеткен.

Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталына Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрілігінің ресми өкілі хабарлады.

Автокөлік салонында 7 адам болған. Оның 3-еуі көліктен өздері шығып үлгерген. Құтқарушылар суға батып кеткен 1985, 1981, 1994, 1973 жылы туған 4 адамды іздестірді. Бірақ түнгі уақытта іздестіру жұмыстары тоқтатылған.        Бүгін, яғни 2020 жылдың 9 желтоқсанында таңертең іздеу жұмыстары қайта жалғастырылды.
Іздестіру жұмыстары барысында 7 метр тереңдікте (мұздың қалыңдығы 25 см) УАЗ автокөлігі табылды. Автокөліктің ішінде қайтыс болған адамдардың денелері бар. Құтқарушылар қаза тапқан 4 адамның мәйітін полиция қызметкерлеріне тапсырды.
Іздестіру жұмыстарына Қызылорда облысы ТЖ департаментінің, Полиция департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары және туыстары бар барлығы 27 адам, 7 бірлік техника жұмылдырылды.

 

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер