Сағынтаев өтпеген шоуға 63 миллион теңге жұмсаған

4680
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласының әкімі Бақытжан
Сағынтаев елорданың тойланбай қалған туған күніне 63 миллион теңге жұмсаған, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «КТК» телеарнасына сілтеме жасап.

Ол болған жайтқа коронавирусты кінәлады.

– Иә, шоу өтпей қалды. Біз мерекеге алдын ала дайындалған едік. Пандемия болады деп ешкім ойлаған жоқ. Өздеріңіз білесіздер, дамыған барлық елдер жарық шоуын өткізіп жатады. Пандемия енді мәңгі болмайтын шығар. Сондықтан жұртқа турист тартатын жарық шоуын басқа мерекелерде көрсетеміз»,-деді Сағынтаев.

Әлеуметтік желіде үлкен дау тудырған жарық шоуын Алматы әкімдігі астана күніне арнайы дайындатқан. Алайда аяқасты ауру тарап, мереке сол күйі тойланбай қалды. Ал шоудың ақшасы төленіп қойған. Бағасы анау-мынау емес, бақандай 63 миллион теңге.

Әкімнің айтуы бойынша, астана күніне дайындық жарты жыл бұрын басталып, келісім-шарт жылдың басында жасалып қойған.

«Сол себепті 63 миллион теңгені төлеуге тура келді», - деп сөзін қорытындылады ол.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер