Ғарышты игеру – үлкен мүмкіндіктерге жол ашады

4335
Adyrna.kz Telegram

Ғарыш саласын дамыту, оны терең зерттеп, ден қою біздің ел үшін басты мақсаттардың бірі болып тұр. Ғарыш қызығы мен тың жаңалықтарға толы әлем ғана емес, ол біздің өмірімізді жеңілдететін, тіпті оның қауіпсіздігіне де пайдасы тиетін  сала.

Мысалы, ғарыш саласының мамандары авариялар мен апаттар кезінде шұғыл шақыру жүйесін, су тасқынын,  өртті  және мұнайдың төгілуінің ықтимал қатерлерін мониторингтеу және бағалау технологияларды, рельефтің цифрлық модельдері, гидрометеорологиялық ақпараттарды әзірлеген. Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы алқаптарын, табиғи биоқауіпсіздіктерді, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын ғарыштық мониторингтеу технологиялары жасалды. Құрғақшылықтың алдын алу жүйесінің техникалық әлеуетін арттыру және жетілдіру бойынша жұмыстар орындалды, еліміздің аумағындағы өсімдік жамылғысы жай-күйінің ғарыштық мониторингінің web-геоақпараттық жүйесі құрылған. 2018 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының тапсырысы бойынша жайылымдық ресурстар мен климаттың электронды атласы жасалған болатын.

Ғарыш қоқысы объектілерін, белсенді және пассивті геостационарлық спутниктерді мониторингілеудің бірыңғай жүйесін анықтау мен бақылауға арналған бағдарламалық кешен құрылды.

Қазақстандық байланыс спутниктері үшін нақты қауіпті жақындасулар жөніндегі ақпарат "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы"АҚ-ға беріліп отырады. Ғарыштық факторлардың спутниктер мен жерүсті кешендеріне әсерін барынша азайту бойынша алдын алу шараларын қабылдау үшін ғарыштық ауа райын болжаудың бірқатар әдістері әзірленді.

Көмірсутектерді қарқынды өндіру аймақтарындағы табиғи және техногендік апаттарды болжау мақсатында Алматы және Нұр-сұлтан қалаларының аумақтары жер қыртысының жоғарғы қабаттарының биіктік құрылысы үшін қауіпті аймақтарды бөлу, Каспий өңірі жер қыртысының жай-күйі бойынша мониторинг жүйесі  әзірленді.

Спутниктік технологиялар негізінде мұнай болашағы салаларын бөлу және мұнай кен орындарын іздеу әдістері дайындалды.

Осы жоғарыда атқарылған шаруалар «Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың» нәтижесі.   Сонымен қатар осы жүргізілген жұмыстардың нәтижелері  экономиканың түрлі салаларына да тиімді әсерін тигізеді.

 

Ерке Жомарт,

«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер