Шетелдік жұмысшыларға зейнетақы төленеді

2935
Adyrna.kz Telegram

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары пленарлық отырыста Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді қарап, оны ратификациялауды қабылдады,деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоғарыда аталған келісімге 2019 жылғы 20 желтоқсанда қол қойылды. Құжат Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт шеңберінде ЕАЭО-ға қатысушы елдердің ынтымақтастығын тереңдетудің нәтижесі болып табылады. ЕАЭО азаматтарын басқа мүше мемлекеттерде еңбек қызметін жүзеге асыруы кезінде зейнетақымен қамсыздандыру мәселесін құқықтық реттеу жұмыс күшінің қозғалуы жолындағы қазіргі кедергіні жоюға мүмкіндік береді және еңбек қызметін заңдастыруға қосымша ынталандыру болады.

Келісім күшіне енгеннен кейін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары еңбек қызметін жүзеге асырған мемлекеттің азаматтары сияқты зейнетақымен қамсыздандырылуға құқылы болады. ЕАЭО-ға қатысушы әрбір ел еңбек етушіге оның аумағында жинақталған жұмыс өтілі үшін зейнетақы төлейтін (экспорттайтын) болады. ЕАЭО-ның басқа елінде тұратынына қарамастан, еңбек етушіге зейнетақыны ол еңбек қызметін жүзеге асырған ЕАЭО-ға мүше мемлекет төлейтін болады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстанда келісімді іске асыру бойынша құзыретті орган болып белгіленді.

Зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша барлық сұрақтар бойынша ҚР және ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің азаматтары БЖЗҚ-ға тікелей жүгінетін болады. Келісім бойынша ЕАЭО-ның басқа мемлекеттерінің еңбекшілеріне Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы жүйесінен зейнетақы төлемдері жүзеге асырылатын болады, өйткені олар ҚР-да тұрақты тұратын азаматтармен және шетелдіктермен тең жағдайда ұлттық зейнетақы заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда БЖЗҚ-ға МЗЖ аударады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер