Қуаныш Жұмабекұлы жайлы не білеміз?

3127
Adyrna.kz Telegram

Қуаныш Жұмабекұлы 1988 жылдың 24 желтоқсанында ШҚО Үржар ауданы Таскескен ауылында дүниеге келген.

1) (2000-2005 жж.) Е.Рахмадиев атындағы 5 жылдық Үржар балалар музыка мектебін «домбыра-тенор» мамандығы бойынша бітірген.
2) 2006 жылы ШҚО Үржар ауданы Үржар ауылында М.Горький атындағы орта мектепті тәмамдаған.
3) 2006 ж. ШҚО бойынша өткен облыстық «М.О.Әуезов және әлемдік мәдениет» шығармашылық сайысында Мұхтар Әуезов атындағы Семей университетінің грантын жеңіп алған. Ұлттық Бірыңғай Тестілеу қорытындысы бойынша тағы да грант иегері атанып, 2006 – 2010 жж. Семей мемлекеттік педагогикалық институтында «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алған.
4) 2010 ж. Малайзияның Куала-Лумпур қаласындағы UCTİ университетінде ағылшын тілін оқыған.
5) (2010-2012 жж.) Қайнар университетін «шет тілі: екі шет тілі (ағылшын-түрік)» мамандығы бойынша тәмамдаған.
6) (2012-2014 жж.) Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде «шет тілі: екі шет тілі (ағылшын-түрік)» мамандығы бойынша ғылым магистрі дәрежесін алған.
7) 2016-2018 жылдар аралығында Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған.
8) «Линвистика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD). 2019 ж. Түркияның Өмер Халисдемир университеті «Еуразия зерттеулері» бөлімі.

Жетістіктері:
1) 2006 ж. Семейде өткен көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы IX қалалық байқауының III орын иегері.
2) 2007 ж. Семейде өткен көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы X қалалық байқауының II орын иегері.
3) 2007 ж. Павлодар қаласында өткен Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 150 жылдығына арналған Республикалық студенттік жас ақындар мүшайрасының III орын иегері.
4) 2008 ж. Өсемен қаласында өткен Мәшһүр Жүсіп Көпеевке арналған Республикалық термешілер сайысының «Арнайы жүлде» иегері.
5) 2014 ж. Түркияның мемлекеттік Хитит университетінде шетелдік ғылыми тағылымдамадан өткен.
6) 2015 ж. Анкарадағы «Bizim Büro» баспасынан ағылшын тілінде «Let’s Learn to Speak English» атты кітабы жарық көрген. 3 бөлімнен тұратын кітапта ағылшын тілі грамматикасы қазақ тілінде түсіндірілген және қазақ ертегілері ағылшын тіліне аударылған. Сонымен қатар, кітапта американдық ағылшын тілінің сөздігі берілген.
7) 2017 ж. «Серпер» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, ақын Ержан Жұмабекұлының «Шексіздік Шұғыласы» атты кітабын түрік тіліне аударған. Аталмыш кітап Түркия Республикасы «Medeniyetin Burçları» ұйымының қолдауымен «Sonsuzluk Şûlesi» деген атпен Ыстамбұл қаласы «Ezgi» баспасынан жарық көрген.
8) 2017 ж. ақын, жазушы Құл-Керім Елеместің «Шырағым-ай» кітабын ағылшын тіліне аударған.
9) 2017 ж. түрік драматургі Нежіп Фазыл Кысакүректің «Рейс мырза» атты кітабын қазақ тіліне аударған.
10) 2017 ж. ҚР Президентінің «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы.
11) 2018 ж. Білім және мәдениет саласындағы үздік қызметкерлердің «Алтын кітап» атты республикалық энциклопедиялық жинағына енгені үшін, білім саласындағы жеткен нәтижелі жетістіктері мен үздік қызметі үшін «Білім берудің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
12) 2018 ж. ШҚО Үржар ауданының 90 жылдығына арналған мерекелік медальмен марапатталған.
13) 2018 ж. «Қазақша-ағылшынша сөздігі» Семейдегі «Зияткер» баспасынан шыққан.
14) 2018 ж. қазақ ертегілерін ағылшын тіліне тəржімалаған кітабы «Sharp-witted child», яғни «Тапқыр бала» деген атпен Семейде жарық көрген.
15) 2019 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ж.Түймебаевтың қайырымдылықты, рухани бірлікті, достық пен этносаралық ынтымақтастықты нығайтудың гуманистік мұраттарына қосқан белсенді еңбегі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы Алғыс хатымен марапатталған.
16) 2019 жылы «Қожалар қазаққа жатады» атты кітабы Алматы қаласындағы «Үш Қиян» баспасында жарық көрген.
17) 2020 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «БОРАН» десанттық-шабуылдаушы маневрлік тобының 20 жылдығына орай Генерал-Майор Х.И.Беркалиевтен Намыс және Ерлік мерекелік медалімен марапатталған.
18) 2020 жылдың 29 мамырында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төраға орынбасары – Шекара қызметінің директоры Д.Ділманов тарапынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету ісіне қосқан үлесі үшін Алғыс жарияланған.
19) 2020 жылдың 30 тамызында Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Ж.Қаратас тарапынан еріктілер жылы аясында, жастардың қоғамдық белсенділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған «SUMMER CAMP – 2020» жастар активінің жазғы мектебіне тәлімгерлік еткені үшін Алғыс хатпен марапатталған.
20) 2020 жылы «Türkiye Türkçesi ve Kazak Türkçesinde Hayvan Adı İçeren Atasözleri Üzerine Karşılaştırmalı Bir Çalışma» тақырыбындағы докторлық диссертациясы Түркияның жүргізген мониторинг нәтижесіне сәйкес үздік деп танылып, түрік ағайындардың қолдауымен Ыстамбұл қаласындағы «Platanus Publishing» баспасынан монография ретінде жарық көрді.
21) Ғылыми мақалалары отандық және шетелдік ғылыми журналдарда жарияланып келеді.

Атқарған қызметтері:
1) 2010-2015 жылдары аралығында АҚШ-тың Алматыдағы халықаралық мектебінде, Алматыдағы гимназияларда, университетте қазақ тілі мен қазақ әдебиеті және ағылшын тілі бойынша оқытушылық қызметін атқарған.
2) 2018-2019 жж. ҚР БҒМ ҒК Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында ғылыми ғызметкер болған.
3) 2018-2019 жж. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанында құрылған Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы.
4) 2018-2019 жж. Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия жанында құрылған Әдістемелік топтың хатшысы.
5) 2019 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінде қызмет атқарған.
6) 2019 жылдан бастап ҚР БҒМ ҒК Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында ғылыми қызметкер.

Пікірлер