Шымкент қаласының қоғамдық кеңесінде не айтылды?

2079
Adyrna.kz Telegram

Жақында Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесінің кезекті мәжілісі өтті. Жиын барысында Шымкент қаласының білім, тұрғын үй, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармаларының 10 айда атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды.

Жиынға қатысқан әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың айтуынша қалада жолаушылар көлігін дамыту бойынша 8 ай зерттеу жұмыстары жүргізілген. Ал қазіргі уақытта алып шаһарда бұл саланы дамытуда бірқатар жобалар жүзеге асуда.

Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева білім саласындағы кадр даярлау, білім сапасын арттыру, басқа да  мәселелерді шешу жолдарына тоқталды.

Тұрғын үй басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов болса өз саласы бойынша атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жұмыс жоспарларын таныстырды.

Бұдан бөлек, қоғамдық кеңестің отырысында  жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы жұмыстарға баса назар аудару қажеттігі туралы айтылды. Сондай-ақ, қоғамдық көліктегі мәдениетті көтеру, жастарды арендалық тұрғын үймен қамтудағы бірқатар мәселелер талқыға түсті.

Жиын соңында Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді. Атап айтар болсақ, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Әбдірахманов, зейнеткер Жанзақ Әлібеков, Т.Тәжібаев атындағы №81 жалпы орта мектебінің директоры Шадия Жиенова, «Қалалық перзентхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері Мадина Кенжебаева, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Әли Көмекбаев және «Ауғанстан және жергілікті соғыс ардагерлер одағының» төрағасы Ғалымжан Майханов Кеңес құрамына қабылданды.

 

Д.Арғынгелді,

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі көмегімен дайындалды

Пікірлер