Тарихшы Уәхит ШӘЛЕКЕНОВ өмірден өтті

1961
Adyrna.kz Telegram

Қазақтың абыз ақсақалы, тарих ғылымдарының докторы, академик-ғалым Уәхит ШӘЛЕКЕНОВ 96 жасында дүниеден өтті.

Ол 1942-1943 жж. қан майданда оқ кешіп, соғысқа қатысып, Отан алдындағы борышын өтеді. Отставкадағы полковник. «Қызыл Жұлдыз», 1- және 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.

Арда туған азамат елге келген соң жоғары білім алып, саналы ғұмырын қазақтың ғылымы мен біліміне арнады. Қазақ тарихын терең зерделеп, зерттей білген ғалым Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылым академиясының академигі (1991). Қазақстан Республикасының (1984) және Өзбекстан Республикасының (1984) еңбек сіңірген ғылым қайраткері атақтарын алды. Талай жылдары бойы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ұстаз болып, талай шәкірттің жүрегіндегі шырағын жаға білді. Сондай-ақ ол қазақ этнорграфия ғылымының да негізін қалап, әрі қарай түрленуіне жол сілтеп берді.

Оның 700-ден астам ғылыми жарияланымы, 30 монографиясы, оқу құралдары келер ұрпаққа мұраға қалды.

Батыс өңірінде дүниеге келіп, Қарақалпақстанда өсіп, бар ғұмырын қазақ жұртының көкірек көзінің ашылуына, төл тарихымыздың түгелденуіне арнаған ақсақалдың отбасына, туған-туысына, күллі қазақ жұртына қайғыра көңіл айтамыз!

Фото ашық дереккөзден алынды

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер