Мұнай бағасы өсуде

2538
Adyrna.kz Telegram

ICE Лондон биржасында Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерсінің бағасы 3,82% -ға өсіп, бір баррелі 44,02 АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мәскеу уақытымен 01:05-тегі жағдай бойынша Brent маркалы мұнай бағасы өсімін бәсеңдетіп, бір баррелі үшін 43,99 АҚШ доллары деңгейінде саудаланды. WTI мұнайы 3,64%-ға дейін артып, 1 баррелі 42,1 АҚШ долларын құрады. Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 44 АҚШ долларынан соңғы рет биылғы жылдың 4 қыркүейегінде саудаланды. Brent мұнайының қымбаттауы АҚШ Энергетика министрлігінің есебін жариялау аясында жүрді. Осылайша, министрлік Brent маркалы мұнай бағасының 2020 жылға арналған болжамында 1 барреліне 41,19 доллардан 40,61 долларға дейін төмендетті. Министрліктің бағалауынша, 2021 жылы баға 1 барреліне 46,59 доллар деңгейінде белгіленеді. Еске салсақ, 9 қарашада Brent маркалы мұнай фьючерсінің құны 3,04% өсіп, барреліне 40,65 доллар болды. Ал кеше Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев биылғы қараша айында мұнай бағасы көтеріле бастағаны туралы айтты.

Фото ашық дереккөзден алынды

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…
Пікірлер