Митингіге әйел киімінде келген еркек: Хайп па, тапсырыс па?

3259
Adyrna.kz Telegram

31 қазан күні Алматы қаласы Т. Шевченко көшесінің бойындағы Ш. Уәлихановтың ескерткішінің алдында рұқсат  етілген митинг өткен болатын. Митингі алаңына әйел киімін киген ер адамның келіп, өз құқығын талап етуі ­– көпшілікті таңдандырып, кейбірінің ызасын тудырып, соңынан оған қол жұмсауға дейін жеткізген еді.

Азамат Юрий ТОЛОЧКО Facebook парақшасында өзінің бұл әрекетіне қатысты «Кое-что о фактах» деген тақырыппен арнайы мәлімдеме жасады.
Ол: «Жуырда желіде көптеген жалған ақпараттар тарала бастады, қандай да бір себептермен адамдар оны нақты дәйекке балап жатыр. Бұл 31 қазанда Алматыда өткен митинг пен ондағы Аманданың (мен әйел бейнесіндегі) төбе көрсетуіне қатысты. Осыған қатысты мен бірнеше түсініктеме бергім келеді", - деп бастайды.
"Мен туралы митингті бұзу үшін арнайы Қазақстанға алдырылған әйгілі украин актері деп жазып жатыр.
Түсіндіріп берейін: мен Украинада 1985 жылы дүниеге келдім, бірақ 1990 жылдан бастап Қазақстанда тұрамын. Яғни, мен өмірімнің көп бөлігін осында өткіздім  (30 жыл аз уақыт емес) және мен осы елдің азаматымын.
Көпшілік мені «Нұр-Отан» партиясының мүшесі деп жазып жатыр (сол себептен митингті бұзуға мүдделі деп ойлайды).  Осы партияның өкілдерімен түскен суретке сілтеме беріп көрсетуде.
Түсіндіріп берейін: мен көпшілік алдында сөйлеу, эмоционалды интеллект, вербалды емес дағдылар саласындағы бірегей маманмын. Мен тренингтер өткіземін (жұмыс өтілі ­– 12 жыл). Менің клиенттерім мен студенттерімнің арасында әртістер, тележүргізушілер, кәсіпкерлер, бизнес-жаттықтырушылар, журналистер, әртүрлі саланың қызметкерлері бар. Мен, тіпті, партияның 18 және 19 съездеріне спикерлер де дайындадым. Басқа ештеңе жоқ.
Мен ешқашан партияның мүшесі болған емеспін (ешбірінде). Қауымдастықтардың да мүшесі болмадым. Әрдайым «мен жалғыз өзім ештеңе істей алмаймын» позициясынан шықтым?
Айтпақшы, менде оппозиция өкілдерімен де бірге түскен фотосуреттер бар (ол да нұротаншылармен түскен суреттер секілді мүлдем ештеңе білдірмейді). Әрдайым позиция бірінші немесе екінші  бола бермейді ­–  үшіншісі де бар.
Жазып жатқандар  митингке «Шал, кет!» деп айқайлаған кезде шыққанымды айтады. Митингті тоқтату үшін мен келгем (сұрақ: мен неге кеш келдім?).
Түсіндіріп берейін: Мен жай ғана ұшаққа кешігіп қалдым (тексеруіңізге болады). Мен сағат 9.20-да ұшуым керек еді (Scat авиакомпаниясы), бірақ 11.30-да ұштым (Air Astana авиакомпаниясы). Мен Алматы әуежайынан сағат 13.20-да шықтым.
Олар мені ұрған жігіт менің әріптесім, біз бұл спектакльді бірлесіп қойды деп те жазады. Полицейлерге мен оған қарсы арыз жазбағанымды сеніммен де жазып жатыр.
Түсіндіріп берейін: мен оқиғадан кейін бірден жаздым (арызым бар). Мен жігіттің кім екенін білмеймін. Ол табылған жағдайда біздің таныстығымызды тексере аласыз (ал қазір гипотезаларды факт ретінде ұсынудың мағынасы жоқ).
Сондай-ақ бірінші болып ол жігітті менің ұрды дейді.
Түсіндіріп берейін: бұл жігіт мені екі рет митинг аумағына кіргізбей, тоқтатпақ болды. Содан кейін, мінбеге жақындағанымда, ол менің шашымды жұлып алды (бұл оның 3-ші әрекеті), мен оны алуға асығып, соққыға жығылдым. Мені басқа адамдар да итеріп жіберді, өзімді қорғау үшін оларды да итеруге тура келді.
Олар мені ҰҚК қызметкері немесе олармен байланысы бар деп жазыпты.
Түсіндіріп өтейін: бұл тұста менің олармен байланысым жоқ екенін дәлелдеу қиынға соқпақ, дәлірек айтсам, қалай дәлелдеуге болатынын білмеймін (Олардан анықтама алуым керек пе? Қалай?) Алайда, ешкім де байланысты дәлелдей алмайды. Сонымен бұл жорамалдар да сол күйі қала берсін.
Олар мен митингті "бейбіт емес" деп атамауым және "митинг құқығына ие болу керек"деген пікірімді білдірмеуім керек деп жатыр. Сол себептен де мен барлық митингшілерді кінәладым, барлық наразылық білдірушілерді  айыптадым.
Түсіндіріп өтейін: біріншіден, менің ойлауға құқығым бар (басқалардан өзгеше ойлауға). Екіншіден, мен бәрін кінәламадым. Маған тиіспегендер де болды, тіпті маған тиіспеуге де шақырды (олар менің ойымша, митингке шығуға құқылы). Бірақ арасында соңында  мені соққыға жыққан жігіттен бөлек, мені бірнеше рет шығарып жібергісі келген адамдар да болды. Олар мені итеріп, қуып жіберді (соққыға жыққанға дейін де, кейін де). Шеттету тек менің сыртқы келбетіме байланысты (өйткені менен не үшін келгенімді ешкім сұрамады, маған көпшіліктің арасында тұруға рұқсат етпеді).
Келген мақсатымды кейін, мені митинг «периметрінен» шығарып жіберіп, журналистер мені қуып жеткен кезде айттым. Олар қуып жетпесе, менің неге барғанымды ешкім білмес еді. Адамдардың бір тобы өздерін дұрыс ұстаған (адекват), ал екінші бір тобы итеріп, қорлап (сыртқы келбетіне бола), қуғандықтан және олар көп болғандықтан, мен мұны бейбіт митинг деп атай алмаймын.
Айтпақшы, мен бұл кейіпте трансгендерлер мәселесін емес, басқа ойды да жеткізе алар едім. Бірақ олар бәрібір мені тепкілейтін еді. Айтпақшы, мен полиция жақсы қызмет көрсетті деп айта алмаймын (өйткені олар мені жылдам құтқаруға тырыспады, әрине, бәрі өте тез болды, дегенмен мені қорғайды деп күттім). АІІБ-де олар өздерін дұрыс ұстады.
Әрі қарай неге мұндай формада келгенім туралы да жазады.
Түсіндіріп өтейін: біріншіден, тең құқықтар мен демократиялық бостандықтарды жақтайтын адамдар үшін сыртқы түрдің қандай да маңызы бар ма? Немесе «демократтарда» кемсітуге орын бар ма? Рұқсат етілген митингіге барлығын шақырды ма?
Иә, мен елдің назарын аудару үшін осылай киіндім (бұл анық). Осындай қойылымдардың көмегімен мен өзімді мазалайтын мәселелерге назар аударта аламын. Иә, хайп жасау маған рахат та сыйлайды. Және мен мұны жасай алдым», - деп түсінік беріп, митингіге неліктен шыққандығын айтады.
Расында, Юрий Толочконың бұл әрекетін
">әлеуметтік желіде арнайы тапсырыс ретінде бағалағандар көп болды. Бірі оның бұл әрекеті үшін ақы төленгенін айтса, енді бірі оны «Нұр-Отан» партиясы жалдағанын дейді. Халық арасында оның маңызды митингінің шырқын бұзып, осындай кейіпте барғаны үшін айыптаушылар да бар.  Сонымен қатар Юрийдің бұл әрекетін жақтаушы азаматтар да кездеседі. Ал сіз не дейсіз, құрметті оқырман?

Фото Юрий Толочконың Facebook парақшасынан алынды

Дайындаған: Айжан ПЕРДЕБЕКҚЫЗЫ

«Адырна» ұлттық порталы

 

 

 

 

 

 

Пікірлер