ТҰРАРБЕК ҚҰСАЙЫНОВ: Матуриди сенімінде экстремистік топтар да бар

6679
Adyrna.kz Telegram

Жекеме тәуелсіз дін сарапшысы ретінде Мұхамеджан Тазабектің жаңа ақидасы, яғни матуриди сенімі туралы не айтасыз деген сұрақ келген екен.

Біріншіден, менің үмметімде 73 ағым( секта) болады, олардың бәрі тозақта, тек біреуі тура жолда, ол Құран мен сүннетті ұстанғандар деген Мұхамед айтқан сөздің-мыс, яғни араб фольклорының  Исламға еш қатысы жоқ. Себебі бұл хадис мұсылмандардың өзара жауласып, жік-жікке бөлінуіне әкелетін, яки тек менің жолым ғана ақиқат дейтін саяси-ригористік топтарға таптырмайтын мықты  аргумент.

Негізі сүннизм мен шиизмдегі сенім тұрғысында ағымдардың саны аталмыш хадистегі 73 сектадан да асып кетеді. Ал матуриди бағыты Ислам дініндегі діни-танымдық сенім ( ақида) екенін ұмытпайық. Матуриди сенімінде тарих бойынша сопылық жолды ұстанып, дінді қалқан еткен, яғни Исламды қылыштың жүзімен бағындырған әртүрлі тариқатшыл топтар болғаны да ешкімге жасырын емес. Ал біздің заманымызда матуриди сенімін ұстанатындардың қатарына террористік ұйым боп саналатын Талибан экстремистік тобы, Өзбекстан Ислам қозғалысы, Пәкістандағы неше түрлі фундаменталистік жамағаттарды жатқызуға болады. Сондықтан да ұлтымыз ешқандай діни ағым, яки ұйымның жетегінде емес, Жаратушының адамзатқа берген ең үлкен сыйы ақылды ғана (рационализм, критикалық сана мен логика,философиялық дүниетаным, позитивистік ұстаным, т.б) басшылыққа алуы керек!

Тұрарбек ҚҰСАЙЫНОВ,

"Демос"ҚБ төрағасы

Пікірлер