Алматыда "Әуенмен тербелген 1000 жыл" атты дәстүрлі ән фестивалі өтті

3349
Adyrna.kz Telegram

 

Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында "Әуенмен тербелген 1000 жыл" атты алып шаһардың мерейтойына арналған дәстүрлі әндер фестивалі өтті. Әсем қаланы мыңжылдық мерекесімен құттықтауға Қазақстанның әр өңірінен дәстүрлі әннің дүлдүлдері келді.

Алматының мыңжылдық мерекесіне арналған дәстүрлі әндер фестe17094688683d12c63b427314d32364eиваліне Қазақстанның әр өңірінен дәстүрлі әннің нағыз майталмандары арнайы келді. Олар арнайы шеберлік сағаттарын өткізіп, көрермендерге өз өнерін паш етті. Концерт барысында халық әндерінің талай інжу-маржандары шырқалды. Өнер сүйер қауым әр өңірдің дәстүрлі ән мектебін тыңдап, көтеріңкі көңіл-күймен қайтты. Жалпы фестивальдің мақсаты - көпшілікті дәстүрлі музыка тарихымен, қазіргі даму үрдісімен таныстыру.

"Мен бұл кешке Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданынына келіп отырмын.Мен қазір 75 жастамын. Бұл жаста бізді сахнаға алып шығу - дәстүрлі ән-күйдің құдіреті. Алматының мыңжылдық мерейтойында біздің басымызды қосып отырған қала әкімдігіне мың алғыс. Дәстүрлі ән-күй өркендей берсін, Алматымыз жылдан-жылға көркейіп, өсе берсін. Ғасырдан-ғасырға жетсін. Бүгінгі шараға 25 әнші-күйші қатысып отыр. Концерттің мақсаты - жоғалып кетуге айналған өнерді қайта жандандыру, кейінгі жастарға үлгі-өнеге ету, насихаттау,- деді Қарағанды облысынан келген дәстүрлі әнші Фазыл Тұтқабеков.

Қазақ өнерінің қара шаңырағындағы Алматының 1000 жылдығына арналған мерекелік шара қызықты лазерлік шоумен аяқталды. Театр ғимаратының қабырғасында 3D көмегімен, заманауи мультимедиалық шоу көрсетілді. Үш құрылымды проекция мен инсталляция арқылы театр ғимаратына ерекше сәулелі бейнелер түсірілді. Лазер шоуда - Наурыз мейрамының шығу тарихы мен Қазақстан мәдениетінің ерекшеліктері суреттеледі. Қойылым этникалық музыкамен әрленді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер