Мазаққа айналмаған нең қалды? ВИДЕО

23185
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық шоу-бизнестің жарық жұлдызы Нұрболат Абдуллин досының тойында танытқан қылығы үшін елдің сынына ұшырады. Өнер иесі беташар кезінде аты аталғанда ортаға шығып, көпшілікке бір уыс ақша шашқан. Желідегілер оның бұл әрекеті ұлттық дәстүрді сыйламағанын көрсететінін айтуда, деп хабарлайды "Адырна"  ұлттық порталы azatmedia.kz  сайтына сілтеме жасап.

Нұрболат Абдуллин досының қуанышында ерекшеленбек болып, асқан жомарттық танытты. Беташар кезінде халықтың ортасына шыққан әнші бір уыс ақшаны көкке шашып, ел назарын өзіне аударды.

Шоу-бизнес жұлдызының қатысуымен болған тойдағы сәттен үзінді Instgram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланған. Видеодан беташар жүргізіп жатқан азаматтың Абдуллинді «миллион тастайтын кез келді» деп шақырғанын көруге болады. Сәйкесінше, әнші барша меймандар секілді алдымен табаққа ақша салып, артынан тағы бір уысын шашты.

Алайда, өнер иесінің бұл қылығы бәріне бірдей ұнай қойған жоқ. Кейбір желі қолданушылары әртістің тойдағы әрекетіне деген наразылығын білдіріп, оны сынға алып жатты.

«Дәстүр деген не болып жатыр? Қазір бет ашу да ақша үшін болып жатқаны ма?» , «Қайран қор болған ,беташарым-ай» , «Халық аштықтан қырылып жатқанда, өтірік мақтанудың не қажеті бар?» , «Ысырап ақша шашқан дұрыс емес. Оның да сұрауы бар» , «Достық ақшамен өлшенбеу керек» , «Беташарды, ата салтымызды бұзбаңдар» , «Өздерін мүлдем ерсі ұстайды. Семіріп секіреді деген осы болар. Сөзім жоқ» , «Салт-дәстүрді әбден мазақ етті» , – деп жазуда көпшілік.

[video width="640" height="640" mp4="https://adyrna.kz/content/uploads/2020/11/123786998_690782515156064_9205209096197997611_n.mp4"][/video]

Пікірлер