Енді тіркеусіз емін-еркін такси жүргізе алмайсыз

2541
Adyrna.kz Telegram

Көлік инспекциясы заңсыз такси жүргізушілерімен күресті бастайды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Бұрын бақылаушылар тек полиция қызметкерлерімен бірге жұмыс істесе, енді олар заң бұзушыларды өздері анықтай алады.

Инспекторлардың өкілеттіктері бірнеше күннен кейін жариялануы тиіс көліктік бақылау бекеттерін пайдалану ережелеріндегі өзгерістер күшіне енгеннен кейін кеңейеді. ҚР ІІМ Көлік комитеті хабарлағандай, бұған дейін олардың қызметкерлері ішкі істер органдарымен бірлесіп рейдтік және жедел алдын алу шараларын өткізген. Постарды пайдалану ережелеріне түзетулер енгізілгеннен кейін көліктік бақылау инспекциялары тексерістерді дербес, оның ішінде мобильді постардың көмегімен жүргізе алады. Бұған қоса, заң бұзушылар ресми және бейресми таксилер арасында да анықталады (автомобильдер мен құжаттардың заңды талаптарға сәйкестігі үшін).

«Рейд барысында заңсыз тасымалдаушылар көп жиналатын орындарға: базарларға, теміржол және автобекеттердің жанындағы алаңдарға, ірі сауда және ойын-сауық орталықтарына және т.б. ерекше назар аударылады. Такси жүргізушілері бақылау арқылы анықталады (мысалы, көлікке жапсырылған белгі немесе тасымалдау жүзеге асырылатын елді мекенді көрсететін кесте), сондай-ақ жолаушыларды белгілі бір маршрутқа шақыратын жүргізушілердің өзін-өзі қалай ұстайтындығы арқылы да анықтылады. Көліктерді инспекторлар тексеруі үшін жол учаскелерін жабылмайды», - деп хабарлады комитет.

Көлік бақылаушыларының айтуынша, олар рейдтерге, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлерімен бірге шығады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде ресми таксилерге қойылатын талаптар «Автомобиль көлігі туралы» заңда бар. Барлық ережелерге сәйкес тіркелген такси жүргізушілері арнайы жолдармен, соның ішінде Алматы қаласындағы BRT бойынша жүруге құқылы.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің 613-бабына сәйкес, бекеттердегі көліктік бақылау қызметкерлерінің талаптарын орындамағаны (оның ішінде жылжымалы) 30 АЕК айыппұлмен жазаланады, ал сол ережені бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін жүргізуші 6 айға құқығынан айырылады.

Фото ашық дереккөзден алынды

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер