"Бауыржанға араша!". Адвокат Кемельханов әділдік іздеуде

4674
Adyrna.kz Telegram

ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетовтің назарына!

ҚР Жоғары сотының төрағасы Жақып Асановтың назарына!

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың назарына!

ҚР Әскери сотының төрағасы Жандос Мұсабекұлының назарына! 

 

 Алматы горнизоны әскери соты ҚР ҰҚК ШҚ 2468 әскери бөлімінің аға сержанты Бауыржан Құрманалиевті  дәлелі жоқ іс бойынша соттаудың алдында тұр. 11 қарашада өтетін сот ісін бұған дейін абайсызда болған кісі өлімі оқиғасында жазықсыз капитанға   (Асылбек Елемесовке – авт.) үкім шығарған  Қанат Естай жүргізбекші. Ал мемлекеттік айыптаушы – капитан Елемесовтің  кінәсіз екеніне қарамастан оны соттатуға бекінген  Дархан Шарықбаев. Назарларыңызға Алматы облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Айтмұханбет Жақыпбекұлы Кемельхановтың әділдік іздеген өтініш  хатын ұсынамыз. Хатта Құрманалиевке тағылып отырған айыптың дәлелсіз  екені жан-жақты сараланады.

 

 

Өтініш хат

 

Сот өндірісіндегі Қылмыстық іс материалдарымен танысу барысында көптеген Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің (ары қарай-ҚР ҚПК ) нормаларының бұзылғаны анықталды.

Яғни, атап айтқанда 2020 жылғы 4 мамырында ОӨӘТБ аға тергеушісі М.Қабылда  Құрманалиев Бауыржан Ахметжановичтің іс-әрекетін күдікті ретінде саралау туралы қаулысын шығарғанда қылмыстық оқиғаның алдын айтып келіп нақты ҚР ҚПК 204 бабының 1 бөлімі 2 бөлігіне сәйкес қылмыстың болған уақытын, сондай ақ ҚР ҚПК 113 бабына сәйкес дәлелденуге жататын өзге де мән жайларды көрсете отырып, Құрманалиев жасады деп кұдік келтірілген қылмыстың сипаттамасын көрсетпеген.

Өзiнше билiк ету атты ҚР ҚК ( ары қарай- ҚР ҚК) 389 бабы: «Өзiнше билiк ету, яғни Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпке қарамастан, басқа адаммен немесе ұйыммен дауласып жатқан, өзiнiң нақты немесе болжамды құқығын өз бетiнше жүзеге асыру», деп қарастырады. Осы себеп бойынша бұл бланкеттік бап.

ҚР ҚК бабтары диспозиция және санкциядан тұрады.

Бланкеттік диспозиция бойынша бапта көрсетілген нақты қылмыс құрамын анықтау үшін басқа заңдарға немесе нормативтік актілерге, жарлықтар мен үкімет қаулыларына, бұйрықтар мен ережелерге, нұсқауларға жүгінеді. Бұлар қылмыстық құқықтың басқа салалармен тығыз байланысты екендігінің айқын дәлелі. Қылмыстық заңның талаптарын орындау басқа заңдармен не басқа актілермен де анықталады. Бланкеттік диспозицияның мысалы ретінде мынадай баптардың диспозициясын көрсетеміз:  389-бап. Өзiнше билiк ету

Өзiнше билiк ету, яғни Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпке қарамастан, басқа адаммен немесе ұйыммен дауласып жатқан, өзiнiң нақты немесе болжамды құқығын өз бетiнше жүзеге асыру –

Бланкеттік диспозиция бойынша бапта көрсетілген нақты қылмыстың құрамын анықтау үшін басқа заңдарға немесе нормативті актілерге, үкімет қаулылары мен жарлықтарына, бұйрықтар мен ережелерге, нұсқауларға жүгіну керек. Яғни, қылмыстық заңның талаптарының бұзылуы орын алғандығы туралы мәселені шешу басқа заңдармен немесе нормативті актілермен анықталады.

Бірақ сотқа дейінгі тергеп текесеру органы күдіктінің іс -әрекетін саралаған кезде және айыптау актісін құрағанда Құрманалиев Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген қандай тәртiбін, заңдар немесе нормативті актілерін бұзғанын анықтамаған.

Осы бабтың 2 бөлімінде көрсетілген жәбірленішу Р. Рысқұловтың қандай мемлекеттік заңмен қорғалатын құқықтары немесе мүдделерiне елеулі зиян келтірілген Құрманалиевтің іс әрекеті көрсетілмеген.

Осы баптың 3 бөлігінде көзделген Құрманалиев Р.Рысқұловқа қарсы күш қолданғаны ресми түрдегі медициналық құжаттармен дәлелденбеген.

Күш қолданудың салдары дене жарақаты болу қажет. Аталған қаулыда Р.Рысқұлов қандай дәрежедегі жарақат алғаны жазылмаған.  Заңнамаға сәйкес физикалық күш қолданудың салдары дене жарақытымен аяқталуы тиіс.

Сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 484 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 26 мамырда № 15180 болып тіркелді. Осы нормативтік құқықтық актінің талаптарына сәйкес: 55-параграф. Сот-медициналық сараптаманы жүргізудің ерекшеліктері реттелген. Яғни, атап айтқанда:

«383. Денсаулыққа зиян келтіру, ол ағзалардың (тіндердің) анатомиялық бүтіндігін немесе олардың физиологиялық қызметін (дене зақымдары) бұзу, не сыртқы ортаның әр түрлі факторларының: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, психогендік әсер ету нәтижесінде пайда болған аурулық я болмаса патологиялық күй, сондай-ақ денсаулықтың бұзылуына не өлімге әкеп соқтырған медициналық көмек көрсету ақаулықтары нәтижесінде пайда болған зардаптар деп түсінеміз.

  1. Денсаулықтың бұзылуы дегеніміз, онда анатомиялық бүтіндіктің не ағзаның физиологиялық қызметінің бұзылу болғанда, нақты жарақат не аурулықпен себептелген жергілікті және (немесе) жалпы сипаттағы клиникалық көріністегі аурулық өзгерістер анықталады.
  2. Денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығын сот-медициналық бағалауды сарапшы медициналық тексеру жолымен жүргізеді.
  3. Сондай-ақ, денсаулыққа келтірілген зиян ауырлығының сараптамасы зақымдар сипаты, оның клиникалық ағымы туралы жеткілікті деректері бар құжаттардың толық жинағы болған кезде медициналық құжаттар бойынша (стационар науқастың картасы, амбулаториялық пациенттің картасы және басқа да медициналық құжаттар) жүргізілуі мүмкін.
  4. Медициналық көмекті ақаулы көрсетумен байланысты денсаулыққа зияндылықты жіктеу кезінде жіберілген ақаулықтар мен қолайсыз нәтиже арасындағы себеп-салдар байланысты анықтау қажет. Медициналық көмекті тиісінше жасамау салдарынан денсаулыққа зиянды бағалауды тек қолайсыз нәтиже мен медициналық көмекті ақаулы көрсету арасында тікелей себептік байланыс болған кезде ғана жүргізу керек.
  5. Медициналық құжаттар бойынша сараптама жүргізу кезінде зардаптар не жарақаттардың нәтижесін анықтау жағдайларында, сипаты, зардаптары, аурулықтың ұзақтығы туралы медициналық құжаттардың қарама-қайшы деректеріне байланысты денсаулыққа зиянның ауырлығын сот-медициналық бағалауда қиындықтар туғанда, сарапшының сұрау салуы бойынша қылмыстық қудалау органы немесе сот сараптама, сонымен бірге комиссиялық сараптама жүргізу үшін жәбірленушіні шақыруды қамтамасыз етеді.
  6. Сараптама жүргізу кезінде сарапшы медициналық құжаттардың түпнұсқаларын қолданады, түпнұсқалы құжаттар болмағанда, сарапшы сараптама тағайындаған органмен куәландырылған медициналық құжаттардың көшірмесін және салалас мамандарды тартумен жүргізілген қосымша зерттеулердің мәліметтерін негізге алады. Сарапшы қорытынды аталған зерттеулердің нәтижесін ескере отырып жасайды.
  7. Денсаулыққа зиян ауырлығының сараптамасы кезінде сарапшының қорытындысында мыналар көрсетіледі:

Медициналық тұрғыдан денсаулыққа зиянның объективтік белгілері (көгерген жер, қанталау, жара, сүйектің сынуы және басқалары), олардың оқшаулануы мен қасиеттері;

жарақаттанған заттың (заттардың) із жасаушы бөліктерінің сипаттамасы;

      пайда болу механизмі;

зиян келтіру ескілігі (мерзімі);

жіктеушілік белгісін көрсетумен денсаулыққа келтірілген зиян.

Денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығы туралы болжамды пайымдаумен алдын ала тұжырымдар жасалмайды.

  1. Сарапшы денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығын:

клиникалық көріністің айқын еместігі не жәбірленушінің клиникалық және зертханалық тексеруінің жеткіліксіздігі;

өмір үшін денсаулыққа зиянның айқындалмаған қауіпті емес нәтижесі;

жәбірленушінің қосымша тексеруден бас тартуы немесе қайталама тексеруге келмеуі, егер бұл сарапшыны жарақат сипатын, оның клиникалық ағымы мен нәтижесін дұрыс бағалау мүмкіндігінен айырған;

медициналық құжаттардың болмауы, соның ішінде денсаулыққа зиянның сипаты мен ауырлығы туралы пайымдау мүмкін болмаған жағдайларда бағаламайды.

Аталған жағдайларда, сарапшы тұжырымдарында денсаулыққа зиянның ауырлығын анықтауға мүмкіндік бермейтін себептерді баяндайды, осы сұрақты шешу үшін оған қажетті қандай мәлімет (медициналық құжаттар, қосымша зерттеулердің нәтижелері және басқалары) керек екендігін көрсетеді.

Денсаулыққа зиянның ауырлығын анықтау мүмкін еместігі туралы дәлелді түсініктеме сарапшыны сараптама тағайындаған адамның (органның) қойған басқа да сұрақтарын шешу қажеттілігінен босатпайды».

Қылмыстық істе тіркелген Алматы қаласы медициналық мекемелерінен келіп түсіп, іске тіркелген құжаттарда Рыскулов Расул Калдыбекович Алматы қаласы бойынша медициналық көмек алу үшін электрондық құжаттамада тіркелмеген.

Осылай, сотқа дейінгі тергеп- тексеру органы ҚР ҚК 389 бабының 3 бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылықтың объективтік, субъективтік жағын және салдарын көрсетпген.

Осыдан басқа, сотқа дейінгі тергеп тексеру органы Р. Рысқұловтың іс-әрекетінде ҚР ҚК 190-бабында көзделген «Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену» белгілерін көре отырып процестік шешім қабылдамаған. Ал оқиға болған күні Құрманалиевке қандай да бір әрекет жасауы осы Р.Рысқұловтың заңсыз әрекеті біріншінің ақшасын алдап иемеденуінен шығып отыр.

Р.Рысқұлов 202 жылғы 06 ақпанында сотқа дейінгі тергеп тексеру органымен жәбірленуші болып табылған.  Осы күні жәбірленуші ретінде сұралғанда ол оған дене жарақаты салынбағанын және Курманалиев мас болмағанын айтып қол қойып берген. Тек қана материалдық зиян 1 500 000 теңге автомашинананың бағасын айтқан.

Бірақ, сотқа дейінгі тергеп тексеру органы Рысқұловты заңсыз және негізсіз жәбірленуші ретінда таныған деп есептейміз.

Б.А. Құрманалиевке қатысты қылмыстық істен ҚР ҚПК 71 бабының 3 бөліміне сәйкес  жәбірленуші қатарынан   Рысқұлов Расул Қалдыбековичті  өз қаулыңызбен жәбiрленушi ретiнде қатысуын тоқтатауыңызды сұраймын.

Себебі сот  процесі барысында бұл жағдайда болуына толығымен негiздер жоқ екенi анықталды.

ҚР ҚПК 71 бабының 1 бөліміне сай:  «Қылмыстық құқық бұзушылық өзіне тікелей моральдық, тәндік немесе мүлiктiк зиян келтiрдi деп пайымдауға негiзі бар тұлға қылмыстық процесте жәбiрленушi деп танылады». Осы көзделген жағдайлар Рысқұловқа қатысты болмаған. Оған моральдық, тәндік немесе мүліктік зиян келтірілмеген. Ол туралы қылмыстық іс материалдарында бір де бір дәлелдеме тіркелмеген.

Р.Қ.Рысқұлов  мүлік-автомашинаның нақты  меншік иесі емес, меншік иесі Қызайбек Аблай Ериковичпен ешқандай келісім-шарт жасаспаған, салық төлеумедің мақсатында салық органдарына жеке автомашина жалдамшысы кәсіпкері ретінде тіркелмеген. Тек қана қол хат берген. Ал ол қолхатта Қызайбектің Рысқұловқа автомашинаны бердім деген қолы жоқ. Тәніне жарақат келтірілді деген медициналық құжат жоқ, моральдік зиян келтірілді деген бірде- бір процестік құжат қылмыстық істе жоқ. Ол туралы Рысқұлов өзінің  қылмыстық іс бойынша берген көрсетпелерінде айтпайды.

Рысқұлов өзін мүдделі тұлға ретінде табуды талап етпейді Құрманалиев өз әрекеттерімен оның нақты немесе болжамды құқықтарын бұзғаны туралы жарияламайды, яғни шағымданбайды. Себебі меншік иесі емес, алған дене жарақатын медициналық құжатпен дәледей алалмайды. Моральдық құқықтары бұзылған туралы бір де бір құжаты жоқ.

Құрманалиев ақшасын қайтару мақсатында меншік иесі Қызайбек Аблайдан жеке автомашинасын алып қоймаған.

Автомашинаның нақты меншік иесі Қызайбек Аблай Ерикович сот отырысында аталған автомашинаның нақты иесі екенін дәлелдеп берді және Құрманалиевке ешқандай да талап қоймайтынын, оған материалдық, моральдық талаптары жоқ екендігін сот алдында ант айтып, қолдап берді.

Негізінен автомашинаның иесі Қызайбек Аблай Ерикович жәбірленуші болуы керек еді.

 

 

Автомашинаның ішінде ешқандай қан болмағанын, оны Ұлан атты ағасы Рысқұловқа жалға бергені туралы айтты.

Осымен қатар, айыптау актісі орыс және қазақ тілінде жазылып қылмыстық іс материалдарына тіркелген.

Дене жарақатын дәлелдеу үшін Рысқұловтың киімдері және Құрсманалиевтің киімдері алынып биологиялық сараптама жүргізілмеген.

Әскери прокурор 2020 жылғы 11 мамырында ОӨӘТБ жіберілген қылмыстық істегі орыс тіліендегің Айыптау актісінің бекіту мерзімін көздейтін ҚР ҚПК 302 бабын бұзып  2020 жылдың 15 қыркүйегімен алдын-ала бекіткен.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы 2020 жылғы шығарған күдікті адамдарды тану қаулысында ҚР ҚПК 202 бабында көзделген Құрманалиевтің туған жері және  қандай қылмыстық құқықбұзушылық жасады деп күдік келтіргенін көрсетпеген. Тек қана ҚР ҚК  389 бабы 3 бөлімі көрсетілген, оның атауы және сипаттамасы жоқ. Қаулының түйіндеу бөлігінде ҚР ҚК қандай бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады, деп Құрманалиев кұдікті ретінде табылатыны мүлдем көрсетілмеген.

2020 жылғы 2 сәуірінде сотқа дейінгі тергеп текесеру органы сот-психологиялық -криминалистік сараптама тағайындайды. Құрманалиевтің тергеу барысында берген жауаптарында жаттау белгілері бар ма, психологиялық қысым жасалған-жасалмағанын анықтау үшін. Сарапшыға жазылған дискілер мен тергеу әрекеттерінің процестік құжаттарының көшірмелерін тапсырады. Бірақ күдікті Құрманалиевтың өзін сарапшыға ұсынбайды. Негізінен сарапшы тірі адам күдіктімен әнгімелесу қажеттілігі туындаған. Бірақ ол әрекет жасалмаған. Бейнежазба ресми түрде тергеуші және маманмен жазылған ондай кезде психологиялық қысым жасалғаны өз мүдделерін қорғау мақсатында жазылмайды. Психологиялық қысым сұрақ алудың алдында болған және видеотаспаға жазылмаған.

Осымен қатар Сарапшы дискіні зерттеген кезде: №1 сюжет тергеу әрекетінің бейне түсірілімі- белгіленбеген күні күдікті Құрманалиевтен жауап алу, деп көрсетеді. Қорытындының 7 бөлігінде түсірілім уақыты текерілген жазбада уақыт таймері қосылмаған.   №1 сюжеттің басталу уақыты мен аяқталу уақытын ешкім хабарламайды.

№1 сюжет белгіленбеген күні күдікті Құраманалиевтан жауап алу.

Сұрақ алу бейнежазба дискісінде оның жазылған уақыты белгіленбегендіктен дәлелдеме ретінде тіркелуге жатпайды.

Тергеуші ҚР ҚПК 210 бабы 12 бөлігіне сай: «Жауап алу барысында дыбыс- және бейнежазба қолданылып алынған айғақтар жауап алу хаттамасына енгiзiледi. Жауап алу хаттамасы, сондай-ақ дыбыс- және бейнежазбаның қолданылғаны және бұл туралы жауап алынып отырған адамға хабарланғаны туралы белгiнi; ғылыми-техникалық құралдар, дыбыс- және бейнежазба жағдайлары мен оны тоқтата тұру фактiлерi, тоқтатудың себептерi мен ұзақтығы туралы мәлiметтердi; жауап алынып отырған адамның дыбыс және бейнежазбаны қолдану себебі жөнiндегi мәлiмдемесiн; жауап алынып отырған адамға дыбыс- және бейнежазбаның тыңдатылып көрсетілгені туралы белгiнi; жауап алынып отырған адамның және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның хаттаманың және дыбыс және бейнежазбаның дұрыстығын куәландырғанын қамтуға тиiс. Фонограмма мен бейнеграмма iспен бiрге сақталады және олар сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейiн мөрмен бекiтiледi»- деген әрекеттерді жасамаған.

Себебі сарапшыға ұсынылған дискіде оның жазылған уақыт мерзімі көрсеілмеген.

Тергеуші сарапшыға қандай тергеу әрекетінің процестік құжаттарының көшірмелерін ұсынғаны жазылмаған. Тізімдемесі жоқ. Сарапшымен олар зерттелмеген. Сарапшыға толығымен қылмыстық іс материалдары нақты түрде ұсынылмаған.

Осы себептен Сарапшының 2020 жылғы 30 сәуірінде берген қорытындысын айыпқа қатысты дәлелдеме ретінде есептеуге болмайды және осы құжат қылмыстық істен міндетті түрде шығарылу қажет.

2020 жылғы 6 ақпанында жүргізілген қарап-тексеру хаттамасы Іле ауданы, Көк қайнар селосында болған.  Куәгер адамдар ретінде қатысқан адамдардың  Нұғманов және Айтуеевтың аты, әкелерінің аты және тұрғылықты жерлері толығымен көрсетілмеген. Тексеру әрекетінде фотосуретке түсіру жүргізілген. Бірақ хаттамаға фотографиялық негативтер мен суреттер қоса тіркелмеген. Ол туралы хаттамада мәлімет жоқ. Куәгер адамдардың қолдары әр түрлі қойылған. Осылай, ҚР ҚПК 199 бабының 1 бөлімі 3, 8 бөліктері бұзылып отыр. Сондықтан іске тірккелген фотосуреттер заңсыз болып табылады және дәлелдеме ретінде жүрмейді. Осылай, ҚР ҚПК 199 бабының 1 бөлімі 3, 8 бөліктері бұзылып отыр.

Осымен қатар, хаттаманың соңғы жағын басқа түсті сиямен оқиға болған жерден Нексия автомашинасы, мемлекеттік номері 442 AL10 алынғаны туралы мәлімет жазылған. Алып қойылған автомашина хаттамада ҚР ҚПК  224 бабы 2 бөлігіне сәйкес сипатталмаған.

Аталған мекен жайда оқиға болмаған. Оқиға болған жер Алматы қаласы, Жансугуров-Ақпаева көшелерінің қиылысында болған, деп көрсетілген Күдікті адамдарды тану туралы қаулысында және Айыптау актісінде.

Сондықтан оқиға болған жерді қарау хаттамасы және іске тіркелген фотосуреттер заңсыз болып табылады және нақты дәлелдеме ретінде жүрмейді.

Р.К.Рысқұловтың оны қылмыстық қудалау органдарының мәжбүрлеп Құрманалиевке қарсы жаздырған көрсетпелерін заңсыз, деп табу туралы арызы Алматы гарнизоны әскери прокурорына жазған арыздары негізінен қаралмай, ол бойынша процестік шешім қабылданбай сотқа жолданған.

Ал ҚР ҚПК 362 бабының 3 бөліміне сәйкес «Сот талқылаудың қалған қатысушыларының пiкiрiн тыңдағаннан кейiн мәлiмделген әрбiр өтiнiшхатты, оның ішінде процестік келісім жасасу және медиация рәсімін өткізу туралы өтінішхатты қарауға, оны қанағаттандыру немесе өтiнiшхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы уәждi қаулы шығаруға тиiс».

ҚР ҚПК 305 бабы 3 бөлігіне сәйкес процеске қатысушылардан келіп түскен өтінішхаттар мен шағымдар ғана тікелей сотқа жолданады. Арыздар көзделмеген.

Осы себетен, Р.К.Рысқұловтың 2020 жылғы 10 ақпанында және оған қосымша Алматы гарнизоны әскери прокурорына жазған арыздары, 2020 жылғы 20 сәуірінде жазған Алматы гарнизоны әскери прокуратурасына процестік шешім қабылдау үшін қайтаруға жатады.

Аталған қылмыс материалдық болып еспетеледі, қылмыстың аяқталуын белгілеу үшін келтірілген зиянның елеулілігін және әрекет пен зияндылықтың арасындағы себепті байланысын анықтау қажет.

Іс материалдары бойынша жәбірленушіге қандай елеулі зиян келтірілгені анықталмаған. Яғни автомшина иесі А.Е.Қызайбекке, немесе Рысқұловтың денсаулығына.

Айыптау актісінде, күдіктінің іс-әрекетін саралау қаулысында қылмыстың тікелей объектісі ретінде меншік иесі Қызайбек А.Е. немесе Рысқұловтың қандай құқықтары мен мүдделері тәртібін реттейтін қатынастар  бұзылғаны көрсетілмеген.

Құрманалиев құқықбузушылық жасаған кезде субъективтік жағы: қандай ниетпен әрекеттенгені, тікелейме, әлде жанама түрдеме көрсетілмеген.

Аталған қылмыстық құрамда Құрманалиевтің күш қолданғаны нақтыланбаған, осы себептен келтірілген зиян мінездемесу бойынша әр түрлі болуы мүмкін. Жеке тұлғаға күш қолдану өзінше билік етуден қатаң жазаланады осыған байланысты қылмыстар қосымша жиынтықпен сараланады.

Күш қолдану іс-әрекеті бойынша жәбірленуші ретінде сұралған Рысқұлов 2020 жылғы 6 ақпанында берген көрсетпесінде оған дене жарақаты келтірілмегенін баян етеді (1 том 18 бет).

Осылай біздің пікірімізше ҚР ҚПК 113 бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгiлерi (оның жасалған уақыты, орны, тәсілі және басқа да мән-жайлары); Құрманалиевтің қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекеттi жасаудағы кiнәлiлiгi, оның кiнәсiнiң нысаны, жасалған іс-әрекеттiң себептері, заңдық және iс жүзiндегi қателiктері; жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың салдарлары; қылмыстық құқық бұзушылықтан келтiрілген зиянның сипаты мен мөлшерi тергеп- тексеру органымен нақты дәлелдемелермен дәлелденбеген.

Жоғарыда көрсетілгендердің негізге ала отырып, құзыретті органдардан  қылмыстық іс- материалдарын прокурорға қосымша тергеу әрекеттерін жүргізу үшін қайтаруды, немесе қылмыстық істі Құрманалиевтің іс - әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамының болмауына байланысты оны  тоқтатуды (ҚР ҚПК 35 бабы 1 болімі 2 бөлігіне сәйкес) сұраймын.

 

                                                                                               

Адвокат А.Ж.Кемельханов,

Алматы қаласы, Самал 3 ықшамауданы,

10 үй, 3 пәтер

тел. 87017392088

04.11.20ж.

Қорғаушы Айтмұхамет Кемельхановтың айтуынша, заң айыпталушы Бауыржан Құрманалиевті қылмыстық істен толықтай арашалап тұр. "Әскери прокурор Дархан Шарықбаев менің көп шәкірттерімнің бірі. Әділет үшін онымен екінші рет бетпе-бет келіп отырмын. Алғаш рет капитан Асылбек Елемесовтың ісінде кездескенде менің біліміме шек келтіріп, жазықсыз жанға жаза кесуді сұраған. Енді мына істе де заңды белден басып,   Бауыржан Құрманалиевті де жазықты етіп шығармақшы", - дейді қорғаушы.

Сот отырысы 11 қараша күні сағат 10:00-де Тимириязов  көшесінің бойындағы Алматы гарнизондық сотында өтеді.

Дайындаған Жасұлан Наурызәлі,

"Адырна" ұлтттық порталы 

Пікірлер