ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетовтің назарына!
ҚР Жоғары сотының төрағасы Жақып Асановтың назарына!
ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың назарына!
ҚР Әскери сотының төрағасы Жандос Мұсабекұлының назарына!
Алматы горнизоны әскери соты ҚР ҰҚК ШҚ 2468 әскери бөлімінің аға сержанты Бауыржан Құрманалиевті дәлелі жоқ іс бойынша соттаудың алдында тұр. 11 қарашада өтетін сот ісін бұған дейін абайсызда болған кісі өлімі оқиғасында жазықсыз капитанға (Асылбек Елемесовке – авт.) үкім шығарған Қанат Естай жүргізбекші. Ал мемлекеттік айыптаушы – капитан Елемесовтің кінәсіз екеніне қарамастан оны соттатуға бекінген Дархан Шарықбаев. Назарларыңызға Алматы облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Айтмұханбет Жақыпбекұлы Кемельхановтың әділдік іздеген өтініш хатын ұсынамыз. Хатта Құрманалиевке тағылып отырған айыптың дәлелсіз екені жан-жақты сараланады.
Өтініш хат
Сот өндірісіндегі Қылмыстық іс материалдарымен танысу барысында көптеген Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің (ары қарай-ҚР ҚПК ) нормаларының бұзылғаны анықталды. Яғни, атап айтқанда 2020 жылғы 4 мамырында ОӨӘТБ аға тергеушісі М.Қабылда Құрманалиев Бауыржан Ахметжановичтің іс-әрекетін күдікті ретінде саралау туралы қаулысын шығарғанда қылмыстық оқиғаның алдын айтып келіп нақты ҚР ҚПК 204 бабының 1 бөлімі 2 бөлігіне сәйкес қылмыстың болған уақытын, сондай ақ ҚР ҚПК 113 бабына сәйкес дәлелденуге жататын өзге де мән жайларды көрсете отырып, Құрманалиев жасады деп кұдік келтірілген қылмыстың сипаттамасын көрсетпеген. Өзiнше билiк ету атты ҚР ҚК ( ары қарай- ҚР ҚК) 389 бабы: «Өзiнше билiк ету, яғни Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпке қарамастан, басқа адаммен немесе ұйыммен дауласып жатқан, өзiнiң нақты немесе болжамды құқығын өз бетiнше жүзеге асыру», деп қарастырады. Осы себеп бойынша бұл бланкеттік бап. ҚР ҚК бабтары диспозиция және санкциядан тұрады. Бланкеттік диспозиция бойынша бапта көрсетілген нақты қылмыс құрамын анықтау үшін басқа заңдарға немесе нормативтік актілерге, жарлықтар мен үкімет қаулыларына, бұйрықтар мен ережелерге, нұсқауларға жүгінеді. Бұлар қылмыстық құқықтың басқа салалармен тығыз байланысты екендігінің айқын дәлелі. Қылмыстық заңның талаптарын орындау басқа заңдармен не басқа актілермен де анықталады. Бланкеттік диспозицияның мысалы ретінде мынадай баптардың диспозициясын көрсетеміз: 389-бап. Өзiнше билiк ету Өзiнше билiк ету, яғни Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпке қарамастан, басқа адаммен немесе ұйыммен дауласып жатқан, өзiнiң нақты немесе болжамды құқығын өз бетiнше жүзеге асыру – Бланкеттік диспозиция бойынша бапта көрсетілген нақты қылмыстың құрамын анықтау үшін басқа заңдарға немесе нормативті актілерге, үкімет қаулылары мен жарлықтарына, бұйрықтар мен ережелерге, нұсқауларға жүгіну керек. Яғни, қылмыстық заңның талаптарының бұзылуы орын алғандығы туралы мәселені шешу басқа заңдармен немесе нормативті актілермен анықталады. Бірақ сотқа дейінгі тергеп текесеру органы күдіктінің іс -әрекетін саралаған кезде және айыптау актісін құрағанда Құрманалиев Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген қандай тәртiбін, заңдар немесе нормативті актілерін бұзғанын анықтамаған. Осы бабтың 2 бөлімінде көрсетілген жәбірленішу Р. Рысқұловтың қандай мемлекеттік заңмен қорғалатын құқықтары немесе мүдделерiне елеулі зиян келтірілген Құрманалиевтің іс әрекеті көрсетілмеген. Осы баптың 3 бөлігінде көзделген Құрманалиев Р.Рысқұловқа қарсы күш қолданғаны ресми түрдегі медициналық құжаттармен дәлелденбеген. Күш қолданудың салдары дене жарақаты болу қажет. Аталған қаулыда Р.Рысқұлов қандай дәрежедегі жарақат алғаны жазылмаған. Заңнамаға сәйкес физикалық күш қолданудың салдары дене жарақытымен аяқталуы тиіс. Сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 484 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 26 мамырда № 15180 болып тіркелді. Осы нормативтік құқықтық актінің талаптарына сәйкес: 55-параграф. Сот-медициналық сараптаманы жүргізудің ерекшеліктері реттелген. Яғни, атап айтқанда: «383. Денсаулыққа зиян келтіру, ол ағзалардың (тіндердің) анатомиялық бүтіндігін немесе олардың физиологиялық қызметін (дене зақымдары) бұзу, не сыртқы ортаның әр түрлі факторларының: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, психогендік әсер ету нәтижесінде пайда болған аурулық я болмаса патологиялық күй, сондай-ақ денсаулықтың бұзылуына не өлімге әкеп соқтырған медициналық көмек көрсету ақаулықтары нәтижесінде пайда болған зардаптар деп түсінеміз.- Денсаулықтың бұзылуы дегеніміз, онда анатомиялық бүтіндіктің не ағзаның физиологиялық қызметінің бұзылу болғанда, нақты жарақат не аурулықпен себептелген жергілікті және (немесе) жалпы сипаттағы клиникалық көріністегі аурулық өзгерістер анықталады.
- Денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығын сот-медициналық бағалауды сарапшы медициналық тексеру жолымен жүргізеді.
- Сондай-ақ, денсаулыққа келтірілген зиян ауырлығының сараптамасы зақымдар сипаты, оның клиникалық ағымы туралы жеткілікті деректері бар құжаттардың толық жинағы болған кезде медициналық құжаттар бойынша (стационар науқастың картасы, амбулаториялық пациенттің картасы және басқа да медициналық құжаттар) жүргізілуі мүмкін.
- Медициналық көмекті ақаулы көрсетумен байланысты денсаулыққа зияндылықты жіктеу кезінде жіберілген ақаулықтар мен қолайсыз нәтиже арасындағы себеп-салдар байланысты анықтау қажет. Медициналық көмекті тиісінше жасамау салдарынан денсаулыққа зиянды бағалауды тек қолайсыз нәтиже мен медициналық көмекті ақаулы көрсету арасында тікелей себептік байланыс болған кезде ғана жүргізу керек.
- Медициналық құжаттар бойынша сараптама жүргізу кезінде зардаптар не жарақаттардың нәтижесін анықтау жағдайларында, сипаты, зардаптары, аурулықтың ұзақтығы туралы медициналық құжаттардың қарама-қайшы деректеріне байланысты денсаулыққа зиянның ауырлығын сот-медициналық бағалауда қиындықтар туғанда, сарапшының сұрау салуы бойынша қылмыстық қудалау органы немесе сот сараптама, сонымен бірге комиссиялық сараптама жүргізу үшін жәбірленушіні шақыруды қамтамасыз етеді.
- Сараптама жүргізу кезінде сарапшы медициналық құжаттардың түпнұсқаларын қолданады, түпнұсқалы құжаттар болмағанда, сарапшы сараптама тағайындаған органмен куәландырылған медициналық құжаттардың көшірмесін және салалас мамандарды тартумен жүргізілген қосымша зерттеулердің мәліметтерін негізге алады. Сарапшы қорытынды аталған зерттеулердің нәтижесін ескере отырып жасайды.
- Денсаулыққа зиян ауырлығының сараптамасы кезінде сарапшының қорытындысында мыналар көрсетіледі:
- Сарапшы денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығын:
Адвокат А.Ж.Кемельханов,
Алматы қаласы, Самал 3 ықшамауданы,
10 үй, 3 пәтер
тел. 87017392088
04.11.20ж.
Қорғаушы Айтмұхамет Кемельхановтың айтуынша, заң айыпталушы Бауыржан Құрманалиевті қылмыстық істен толықтай арашалап тұр. "Әскери прокурор Дархан Шарықбаев менің көп шәкірттерімнің бірі. Әділет үшін онымен екінші рет бетпе-бет келіп отырмын. Алғаш рет капитан Асылбек Елемесовтың ісінде кездескенде менің біліміме шек келтіріп, жазықсыз жанға жаза кесуді сұраған. Енді мына істе де заңды белден басып, Бауыржан Құрманалиевті де жазықты етіп шығармақшы", - дейді қорғаушы. Сот отырысы 11 қараша күні сағат 10:00-де Тимириязов көшесінің бойындағы Алматы гарнизондық сотында өтеді.Дайындаған Жасұлан Наурызәлі,
"Адырна" ұлтттық порталы