АҚШ-тағы сайлау аяқталды

1744

АҚШ-тағы сайлау Вашингтондағы түнгі сағат 00.00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 12.00) Аляскадағы сайлау учаскелерінің жабылуымен ресми түрде аяқталды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бұған қарамастан, Пенсильвания штаты мен қоса бірқатар штатта сайлау ресми аяқталғаннан кейін де бірнеше күн ішінде бюллетеньдерді қабылдауға және санауға мүмкіндік беріледі.

3 қарашада АҚШ-та жалпы сайлау өтті. Президент пен вице-президент, барлығы 435 өкілдер палатасының мүшелері, сенаттың шамамен үштен бір бөлігі  (35 сенатор), 11 штаттың және екі аумақтың губернаторлары, сондай-ақ бірнеше штаттың жергілікті заң шығарушы органдары сайланатын болады.

Алдын ала нәтижелерге сәйкес, Байденге – 224, Трампқа – 213 дауыс берді. Жеңіске жету үшін кандидаттардың бірі 270 сайлау дауысын алуы керек.

Фото ашық дереккөзден алынды 

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы