Қазақстанда зейнетақы беру жүйесі өзгереді

5717
Adyrna.kz Telegram

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанның зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасын өзгерту туралы ұсыныстарын жариялады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «КТК» арнасына сілтеме жасап.

Министрлік жариялаған тұжырымдамада базалық зейнетақы төлемінен 2028 жылдан бастап ең төменгі кепілдендірілген зейнетақыға көшіру ұсынылады. Еңбек министрлігі мемлекеттік кепілдеме беру механизмін оңтайландыруға, зейнетақы жүйесіне тәжірибесі аз адамдарды зейнетақымен қамтамасыз ету деңгейін көтеруге және зейнетақы төлемдерімен кірістерді ауыстыруды ұсынды.

Зейнетақымен қамсыздандыру минималды кепілдіктерін қолайлы деңгейде қамтамасыз ету үшін базалық зейнетақыны тағайындаудан ең төменгі кепілдендірілген зейнетақыны тағайындауға көшу жүзеге асырылады. Осыған байланысты мыналар ұсынылады:
зейнетақы жүйесінде 5 жылдан кем жұмыс өтілі бар адамдар үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 проценті мөлшерінде кепілдендірілген зейнетақыны белгілейді;
күнкөріс деңгейінің 70 пайызы мөлшерінде базалық зейнетақыны анықтау, 5 жыл ішінде әр жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға өседі;
базалық зейнетақы тағайындаудың күшін жояды;
белгіленген базалық зейнетақы алушыларына ең төменгі кепілдендірілген зейнетақы базалық зейнетақының мөлшерін есептеу кезінде ескерілген зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтілін ескере отырып есептеледі.

Сонымен қатар, төлемдер халықтың жекелеген топтары арасында мүгедектігі және жынысы бойынша сараланбайды. Қауіпті өндірістерде жұмыс істейтін жұмыскерлерге,1 және 2 топтағы мүгедектерге зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының бөлек коэффициенттерін енгізу ұсынылады, өйткені олардың өмір сүру ұзақтығы әртүрлі.

«Бұл өзгерістің нәтижесінде халықтың аталмыш санаттары үшін зейнетақы төлемдерінің мерзімі азаматтардың барлық санаттары үшін зейнетақы төлемдеріне қарағанда салыстырмалы түрде қысқа болады. Сәйкесінше мұндай азаматтар үшін ай сайынғы төлемдердің мөлшері жоғары болуы қажет»,-делінген құжатта.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер