Ойындары осылған саясаткерлер

2953
Adyrna.kz Telegram

Францияда осы елдің бұрыңғы президенті Николя Саркозидің үстінен қылмыстық іс қозғалыпты.

Ол — президент боп тұрған тұста ұйымдасқан қылмыстық топ құрған екен. Ол — өз президенттік кампаниясын қаржыландыру үшін Каддафиден қомақты ақша алған. Ол — сол қылмысты ақшаның ізін жасыру үшін Ливияда "арап көктемі" басталғанда өзінің тікелей нұсқауымен француз арнайы қызмет орындарының қолымен Каддафиді өлтірткен.

Ол ол ма, Президент Саркази өз елінде осы былықты білетін француз заңгерлерін қуғындап, оларға қоқан - лоққы жасап үнін өшіріп отырған.

Ал енді осы Саркази, 2008 жылы Путин Грузияға басып кіргенде, дереу Саакашвилиге ұшып келіп бір күн, бір түн оның қасынан шықпай, "Путин сені құртады, сөйтеді" деп Саакашвилиді қорқыта отырып, Оңтүстік Осетияның Ресейдің қол астына өтетінін мақұлдайтын, яғни Путинге ыңғайлы келісімшартқа қол қоюын жатып алып сұраған.

Оған Саакашвили көнбеген. Бұл естелікті Саакашвили өз кітабында жазды, сонша мәрте өз сұхбаттарында да айтып жүр.

Францияның осындай басшылары, қазір шын мәнісінде халықаралық аренада тек қана Путиннің қолбаласы болуға жарап тұр. Шыны керек, осындай сыртқы саясатта босбелбеу басшылар - өз жеріндегі сайлаушы электораттың жарым - жарты проценті үшін халықаралық аренада геосаяси ойыншының түрін сомдап жүрген "актерлар". Төрт - бес жыл өтірік алашапқын болады да, кетеді.

Бұл "актерлар", Грузин үшін өзінің мемлекеттік территориясы, украин үшін "Украинаның шекарасы" деген түсініктер бұ халықтар үшін қаншалықты маңызды, олардың жан жарасы боп келетінін ешқашан түсінбей өтуі мүмкін.

Украина да осыларға қарап жалтақтай отырып, Қырымынан да, басқасынан да айырылды. Ал бұлар бітпейтін санкцияларын сыздықтатып Путинді әбден құтыртты.

Жәй жүрсе бір сәрі, ол аздай қазіргі осы президент Макрон, кезінде Ливияға келіп ойына келгенін істеген "стратег" Путинді қызу қолдады, яғни, оның көкала қолжаулығы болды.

Сирияда да осы Макрон Путиннің қолында жаулықтай желбіреді. Соғыс оты жанған жерде Асадты қолдап шоқты үрледі де отырды. "Одақтастар" мыс.

Макрон осылай Путин арқылы Ердоғанның балағына жармасып отырды.

Бірақ төбеден сап ете қалған Режеп Тайып Ердоған, бұлардың ол жоспарын бұзып, Путин мен Макронның одақтасы- Хафтар мен Асадты талқандап, Сирия мен Ливияны ретке келтіріп, анау Асад пен Хафтарды енді қылмыскер қып сотқа тартқалы отыр. Олардың дәурені енді бітті.

Мыналардың (путин + макрон) да ойындары осылды.

Шын мәнінде Түркия елі, өзінің ықпалындағы аймақты "войнушки" ойнап жүрген осындай шалағай "актерлар" мен "стратегтерден" осылай тазартып жатыр.

Енді мен осы Макрон сыртқы саясатта қандай салмақты ерлік жасаған екен деп ойланып көрсем, Макронның бар өжеттігі дауысы дірілдеп, Путинге "мында мамандар Навальныйды сіз улады деп жатыр, сол рас па?" дегенге ғана жеткен екен. Одан басқасы есіме келмеді.

Енді осы Макрон... өз еліндегі бір мұсылман бала, мұғалімді өлтіріп қойды деп күллі жаһанға жар салып мұсылман әлеміне күрес жариялай салды...

Әрине, бұл жерде ана оқушының ұстазын өлтірген қылмысын еш ақтауға болмайды. Бұл - жауыздық және жабайылық.

Меніңше, бұл жерде сол оқушыны қылмысқа итерген анау ұстаздың да оңып тұрғаны шамалы.

Күллі мұсылманға құрметті діни тұлғаның карикатурасының жанында тұрып алып оның оқушыларға нендей сөз бостандығы туралы көкігені, айтпаса да белгілі.

Бұл елде атам заманнан бері миллиондаған мұсылман тұрады. Франция - бір кезде, де Голь азаттығын беріп жөніне жіберген арабтардың метрополиясы болды және ұзақ уақыт солай болады.

Франкомұсылмандар - бүгінде Францияның ажырамас бір бөлшегі, тарихы, өнері, спорты тағысын тағы...

Осының бәрін жоққа шығарып өз еліндегі миллиондаған азаматтарды дереу қысымға алып ойбайлап жатқан мына Макрон, өзінің мемлекет басқаруда шикілігін, шалағайлығын көрсетті, сарыауыз шикі екен рас.

Бүгінгі Франциядай державаның президенті Макронның, көшедегі айғайшы, әсіре, фашист Липендерден еш айырмасы болмай қалды.

"Зайырлы мемлекет барша конфессияның үстінен биік тұру керек" деген еуропалық түсінік те әдірем қалды.

Ердоған дұрыс айтты оған. "Ақымақ екенсің" деді. "Мемлекет басқармас бұрын алдымен емдел" деді.

Қысқасы, мына шикіөкпелердің қасында Режеп Тайып Ердоған - нағыз ер боп тұр. Ол - қайраткер.

Ердоған шаруа шешіп жүр. Ешкімнен қаймықпай заңсыз басып алған жерлерді қайтарып жатыр, өз аймағында тәртіп орнатып жатыр....

Балағынан алған «сопляктарды» да теуіп жатыр...

Оған грузин мен украин, молдован сынды еуразиялық халықтар іштей түйініп, қызыға қарап отыр. Басқаның жөні басқа, біз - еуразия халықтары бұндайды түсінеміз.. Ал аналар...

Расында Ердоған кім, Макрон деген кім...

 

Олжас ӘБІЛДІҢ Facebook парақшасынан алынды.

 

Пікірлер