БҚО-да 16 жастағы бойжеткен үш баланы өрттен құтқарып қалды,деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ҚР Төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрліктің ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, 2020 жылғы 27 қазан күні сағат 02.12-де Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық өрт сөндіру қызметі кезекші-диспетчерлік бөлімінің пультіне Жәнібек ауылы, Шарафудинова 5/2 көшесінде жеке тұрғын үй жанып жатқаны жөнінде хабар келіп түскен.
«Өрт жұмыстарын барлау кезінде жалпы ауданы 25 шаршы метр құрайтын екі пәтерлі үй жанып жатқаны анықталған. Оқиға орнынан 1983 жылы туылған үйдің қожайыны улы газға улану белгілерімен ауруханаға жеткізілген. Алайда, улы газдың уланған үй қожайыны есін жимастан, ауруханада көз жұмды.
Ерекше атап өтетін жайт, өрт-сөндірушілер оқиға орнына жеткенге дейін жеке тұрғын үйдің терезесінен үй қожайынының қызы 2004 жылы туған жасөспірім өзінен кіші 2 сіңілісі мен 1 бауырын терезеден өзі шығарып алған»,-делінген хабарламада.
Өртсөндірушілер екі пәтерлі үйдің екінші бөлігін өрттен сақтап қалды. Алдын ала болжам бойынша, өрт электр жабдығын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталмағандығынан шыққан болуы мүмкін.
«Адырна» ұлттық порталы