Мемлекет Шымкент әуежайын сатып жібермекші

2180
Adyrna.kz Telegram

Шымкент әуежайы 5,2 млрд теңгеге аукционға қойылды. Тиісті хабарландыру мемлекеттік мүлік тізілімі сайтында пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әуежай саудаға 8 қазан күні түспек. Әуежайдың 100%-дық табысы тұтасымен сатып алған үлескердің қолына тимек. Қазіргі таңда Шымкент әуежайы қаланың қаржы басқармасына тиесілі көрінеді.
Айта кетейік, әуежайды сатып алған азаматқа ғимарат мен жер үлесінен бөлек, 80-нен астам автокөлік (оның ішінде Toyota Corolla маркалы 3 автокөлік, Toyota Land Cruises 200 маркалы 2 көлік, Land Rover Discovery маркалы 1 темір тұлпар бар). Дегенмен сатып алушы үлескер нысанға 6 млрд теңге инвестиция құюы керек болады. Бұл қаражат терминалдың жаңартылуы мен жаңа құрал-жабдықтардың сатып алуына жұмсалмақ.
Еске салайық, бұған дейін "Scat" әуекомпаниясы Шымкенттегі әуежайға жаңа терминалы салатыны белгілі болған еді. Оның құрылысы 2020 жылдың қазанында аяқталып, қолданысқа беріледі деп жоспарланыпты.

Пікірлер