Zoom қосымшасы: пайдасы көп пе, «айласы» көп пе?

5215
Adyrna.kz Telegram

Zoom қосымшасы – онлайн жиындарға, конференцияларға, сабақ өтуге арналған тиімді сервистің бір түрі. Кез келген іс-шараны өткізу үшін арнайы орын дайындап, әуре-сарсаңға салынбай-ақ, бір ғана тетік арқылы жүздеген адаммен сөйлесіп, жүздесуге таптырмас мүмкіндік береді. Сонымен қатар, аталған шараға бару үшін кешігуім мүмкін деген секілді кедергілер де алдыңыздан шықпайды. Әрине, дамыған технологияның арқасында мұндай тиімді қосымшаны пайдалану керек. Алайда, әр нірсенің пайдасымен қатар, зияны қатар жүретіні тағы бар. Ал Zoom қосымшасының зияны қандай?

Қазақстан мемлекетінде қазіргі таңда онлайн кездесулер өткізу үшін қолданылатын аталған сервис түрі кеңінен таралған. Тіпті әр адамның қалта телефонында бар десек, қателеспейтініміз анық. Алайда әлем жаңалықтарына назар аударар болсақ, бұл сервис түрін қара тізімге енгізгендер де бар екен. Мәселен, Google мен АҚШ сенаты Zoom қосымшасын қара тізімге енгізген. Қызметкерлерінің қауіпсіздігін ойлаған АҚШ сенаты Zoom-мен видеоконференция өткізуге тыйым салған. Google корпорациясы да өз компьютерлерінде Zoom бағдарламасын бұғаттап қойған. Бұл шешімнің себебі – қосымшаның қауіпсіздік сақтаудағы осалдығы.

«Біз ұзақ уақыт бойы корпоративтік желіден тыс қызметкерлерге бекітілмеген қосымшалармен жұмыс істеуге тыйым салатын саясатты ұстанып келеміз», – деп мәлімдеме жасаған Google өкілі Хосе Кастанеда.

Бұдан өзге  де бірқатар алып корпорациялар бұл қосымшаны пайдаланудан бас тартқан. Қызметкерлеріне қосымшаны пайдалануға тыйым салған алғашқы компаниялардың бірі – SpaceX. Олар байланыс үшін қосымша ретінде электрондық пошта мен смартфондағы бейнеқоңырауларды қолданады. SpaceX ғарыш компаниясынан кейін ZOOM қосымшасын пайдалануға NASA да тыйым салған. Ал компания басшысы Эрик Юань негізгі ресурстарды тұрақты жұмыс үшін жұмсағанымен, Zoom қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ете алмағанын түсіндірді.

Қорытындылай келе, қазіргі таңда әрине, Zoom – байланыс үшін таптырмас қосымша. Алайда, адам өмірінің бәрінен маңызды екендігін ұмытпағанымыз жөн. Сонымен қатар таңна кешке дейін сабақ, жұмыс, т.б қажеттіліктерге байланысты қолданатын отандық бағдарлама өз елімізде шықса нұр үстіне нұр болары сөзсіз.

 

Жансая Сман,

«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер