Шымкенттіктердің ең көп тұтынатын тағамы - сүт пен сүт өнімдері

3533
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласы тұрғындарының ең көп тұтынатын тағамдарының бірі - сүт пен сүт өнімдері, жұмыртқа мен нан және жарма өнімдері болып шыққан. Бұндай мәліметті ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті ресми сайтында жариялаған.

Ал, шымкенттіктердің ең аз тұтынған өнімдері балық және теңіз өнімдері мен май және мал майы екен.
Статистердің мәліметінше, 2020 жылғы IІ тоқсанда 2019 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда үй шаруашылықтарының тұтыну шығыстарындағы азық-түлік өнімдерін сатып алуға жұмсаған шығыстарының көп үлесі ет және ет өнімдері мен нан өнімдері, жарма өнімдері, сүт және сүт өнімдеріне тиесілі болған.
Айта кетейік, қалада сегіз айдың ішінде 100 миллион данадан астам жұмыртқа мен 35,2 мың тонна сүт өндірілген. Ал, ет өндірісі 1,1 процентке артып, 10,6 мың тоннаны құраған.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер