Қаржы пирамидалары халықтың 22 млрд теңгесін "жеп қойған"

2209
Adyrna.kz Telegram

Бұл туралы ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов  қаржы пирамидаларына қатысты өткен онлайн брифинг барысында айтты деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаржы пирамидасын құрудағы қылмыстар әрқашан қоғамдық пікірталас тудырады. Сондықтан ішкі істер органы осы заң бұзушылыққа қарсы күресті  басымдыққа алады. Жыл басынан бері ішкі істер органы қаржы пирамидасын ұйымдастыру бойынша 217 қылмыстық істі тергеді. Оның ішінде 116-сы сотқа бағытталды. Қылмыстық жауапкершілікке бүгінде 79 күдікті адам тартылып отыр, - деді Әділов.

Департамент бастығы атап өткендей, қазір тергеу органы қаржы пирамидалары ұйымдарына қатысты 13 қылмыстық істі тергеп жатыр.

Мәселен, «Гарант 24 ломбард» ЖШС, «ЕSTATE Ломбард» және «Пайдалы қарыз» ұйымдары. Оларға қатысты 17 мың азамат арыз жазған. Олар 22 млрд теңгеге материалдық шығын келтірген. Осы ұйымдардың жетекшілеріне қатысты 32 қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық жауапкершілікке 52 күдікті тартылып отыр. 7 күдіктіге іздеу салынды, - деді ол.

Ол атап өткендей, қаржы пирамидаларын құруға қатысты шаралар шетелге қашып кеткен күдіктілерді ұстауға да бағытталған.

Молдова мен Ресей, Қырғызстаннан Ұлттық гвардияның арнайы бортымен 3 күдікті елге жеткізілді. Тергеу алмалдары жүргізіліп жатыр. Олардан 70 млн теңге ақша табылды. Күдіктілердің тұтқындалған мүлігінің жалпы сомасы 2 млрд теңгеге бағаланып отыр, - деді ол.

 

Пікірлер