Қазандық тазалаушыдан миллиардерге дейін: Илон Масктың ұстанымдары

1192

Илон Рив Маск -  миллиардер, SpaceX, Tesla Motors компанияларының негізін қалаушы.Болашақ инженер 9 жасында

бағдарламалау тілдерін үйреніп, 12 жасында өзінің видео ойынын ойлап тапқан. Ол бірден бай адамдардың тізіміне енбегенін, табысқа жету жолында қара жұмыс жасағанын үнемі айтып жүреді.  «Адырна» ұлттық порталы назарларыңызға қазандық тазалаушыдан миллиардерге дейін көтерілген кәсіпкердің негізгі ұстанымдарын ұсынады.

Өзгеріс өз қолыңызда

- Жетістікке өз-өзіңізді тәрбиелеу арқылы жете аласыз. Мен жасөспірім кезімде энциклопедияны көп оқыдым, ал көптеген құрдастарым ойын-сауықты жақсы көрді. Әлеуметтік желілерде алтын уақытыңызды бос өткізбей, ізденіңіз.

Жарнамаға емес, сапаға көңіл бөліңіз

Масктың айтуынша, бизнесті дамытудың басты бағыты өнімді жақсартуға бағытталуы керек. Ақшаны жарнамаға емес, тауардың сапасына салған дұрыс. Сол кезде аузыңыздан шыққан сөздер нәтижелі болады. Жақсы өнім жарнамасыз-ақ сұранысқа ие болады.

Шаршауды білмеңіз

«Шаршау деген ұғым жоқ. Егер сіз арманыңызды я идеяңызды жүзеге асырғыңыз келсе, барлық күшіңізді жұмсаңыз. Айтпақшы, сәтсіздікке де дайын болыңыз». Миллиардер өз мүмкіндігін толық пайдаланып, аптасына 100 сағат жұмыс істейді.

Бәсекелестік туралы ұмытыңыз

- Бәсекелестеріңізге көп көңіл бөлудің қажеті жоқ. Күшіңіз пен энергияңызды сапалы жаңа өнім жасауға жұмсағаныңыз дұрыс.

Сынға назар аудару қажет

- Сынды тыңдау маңызды. Ол дұрыс шешімдер қабылдауға және табысқа жетуге көмектеседі.

Қамқор болыңыз 

«Егер сіз қызметкерлеріңізге қамқор болсаңыз, олар да жұмысын ынтамен істейді» . Маск клиенттер мен көмекшілерге отбасының бір мүшесі ретінде қарау керек деп есептейді.

 

Диана АСАН,

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы