"Мұғалімдердің компьютерлік сауаты төмен". Вице-министр сабақтардағы порно туралы

1795

Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари онлайн-сабақтардағы порноликтер проблемасы қалай шешілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Білім министрлігі мұғалімдерге міндетті авторизациясы жоқ платформаларды пайдаланбауға кеңес береді.

"Бізде шамамен 13 отандық платформа бар, оларды пайдалану кезінде үшінші тұлғалар оқу процесіне кедергі жасай алмайды, өйткені олар міндетті түрде авторизациядан өтуі керек.

Сондай-ақ, ZOOM-да оқушылар кіргеннен кейін бейнеконференцияны жабуға көмектесетін функция бар екенін атап өткім келеді. Бірақ компьютерлік сауаттылық жоғары деңгейде бола бермейді, сондықтан осындай жағдайлар болады", - деді вице-министр.

Егер мұғалімдер қауіпсіздік талаптарын ұстанатын болса, сабаққа ешкім кедергі келтіре алмайды дейді ол.

"Біз мұндай жағдайларды болдырмау үшін барынша күш саламыз. Білім министрлігі тағы да түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мұғалімдерге оқу бағдарламаларын қалай пайдалану керегі туралы жадынамалар беріледі. Бұған қосымша білім басқармаларының үйлестірушілері әр өңірде нұсқаулық өткізеді. Әрине, біреу түсінбей қалуы мүмкін, бірақ негізгі принциптерді сақтау керек", - деді ол.

Пікірлер
Редакция таңдауы