Украинаның қауіпсіздік қызметі (SBU) 20 адам қатынасқан B2B Jewelry қаржы пирамидасының алаяқтық әрекеттерін әйгіледі. Қылмыскерлер 600 000-нан астам салымшыдан 250 миллион доллар жымқырып үлгерген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы LIGA.net. агенттігіне сілтеме жасап.
Барлау қызметінің мәліметінше, 2019 жылдан бастап «пирамиданы» ұйымдастырушылар онда орналасқан жылжымайтын мүлігі бар Днепр өзенінің бассейніндегі аралдардың бірін, құны әрқайсысы 100 мың доллардан асатын 18 элиталық жол талғамайтын көлік, сондай-ақ зергерлік бұйымдар мен әртүрлі жылжымайтын мүлік сатып алған.
27 тамызда тәртіп сақшылары Киев, Винница облыстары мен Одессада 48 іздеу жұмыстарын жүргізді. Сот алаяқтардың мүліктік активтерін: банктік шоттарды, жылжымайтын мүліктерді, сонымен қатар 100-ден астам заңды тұлғаларға тіркелген мүліктерді де тәркіледі.
B2B Jewelry ресми түрде қарапайым зергерлік дүкен сияқты жұмыс істеген. Компания Украинаның барлық ірі қалаларында, сондай-ақ Ресей мен Қазақстанда (Нұр-Сұлтан) 100-ге жуық дүкен ашқан.
Дүкендер шынайы зергерлік бұйымдар сатумен айналысқан. Сіз қарапайым дүкендегідей жай ғана оларды сатып алып кете аласыз. Бірақ олар сізге уақыт өте келе банктік картаға төленген соманың 104 пайызын қайтарып алуға уәде береді. Оның үстіне, егер сіз тағы басқа зат сатып алсаңыз, кэшбэк өсе береді.
Бірақ ол кірістерді алтынмен емес, сертификаттармен алу ғана мүмкін болған. Себебі кіріс жылына 400 пайызға дейін артады екен. Табысты апта сайын төлеп отырған. Салымшылардың көпшілігі зейнеткерлер болғандықтан бұл салымшыларды қызықтырып отыру үшін тиімді болды.
Сертификаттарды тек «клуб мүшесінің» ұсынысы бойынша сатып алуға болады. Ол әрбір жаңа клиент үшін ақша алып отырған. Яғни, кезіндегі МММ сияқты классикалық пирамида салына бастаған.
Алайда, MMM-ден айырмашылығы, барлық сертификаттар алтын бұйымдармен қамтамасыз етілген (оларды кез-келген уақытта зергерлік бұйымдарға айырбастауға болады) және мұндай жоғары пайыздық көрсеткіштер бизнестің ілгерілеуіне жол береді-міс. Бұл адамдардың ашуын бақылауда ұстап, олардың сенімін ұстап тұруға септігін тигізген.
B2B Jewelry пирамидасының негізін қалаушы - Винница маңындағы Ладыжин шағын қаласынан шыққан зергер және “Шарм” зергерлік фабрикасының негізін қалаушы Николай Гонта. 2019 жылы кәсіпкер жергілікті басылымдардың біріне берген сұхбатында әлемнің 30 елінде дүкендер желісін ашуды жоспарлап отырғанын мәлімдеген.