Илон Масктың ғаламдық 4 гегажобасы

1171

1. Гегафабрика

Технология генийі Элон Маск аккумулятор мен электромобильдерді шығаратын өндіріс орнының проектісіне 5 миллиард АҚШ долларын бөліп отыр. Бұл дүние жүзі бойынша ең үлкен фабрика болып табылмақ. Маск осы жобасы арқылы 160 миллион америкалықтарды арнайы қондырғылармен қамтамасыз етемін деп отыр. Ал Маск болашақта 900 миллион батарея шығармақ ниетте. Сол арқылы әлемде таралып жатқан парникті эффектінің коэффициентін төмендетіп, әлемді улы газдан аман алып қалмақ. Міне, әлем адамы!

2. Tesla Model 3

Маск бұл электромобильдерінің бағасын төмендетіп отыр. Соңғы бағасы нарықта 35 мың долларға бағалануда. Оның басты бәсекелесі BMW 3 Series болып отыр. Ең басты артықшылығы 1000 километрге дейін жететін арнайы батареялар орнатылып жатыр. Ал Model S электромобилдері батареясыз 426 клиометрге дейін бара алатын мүмкіндікке ие. 2018 жылы бұл электромобильдің 500 мың данасы экспортқа шыққан. Биыл 1 оның санын миллионға арттырмақ.

3. Электрозаправкалардың санын арттыру

Маск бұл бекеттерді әлемнің барлық елдеріне мыңдап орнатуды мақсат етіп отыр. Осы арқылы энергетикалық компаниялардың әлеуетін арттырмақ.

4. Зымырандардың әртүрлі нұсқасын іске қосу

Аэроғарыштық компания SpaceX арқылы зымырандардың сан түрін шығармақ. Осы арқылы ғарышты кардинальді зерттеу процесін іске асырмақ. Бұл жоба арқылы миллиардер әлемнің ғарыш әлеуетінің 30 пайызын өзінің меншігіне алмақ. Бұл деген сұмдық қой!

Міне, қазақтар! Ғылым мен технология саласына инвесторлар тартып, технологияны кәсіпке айналдыратын азаматтарымыз болмаса, біз бәрінен артта қалдық. Дәл осындай жемқорлықпен ел басқарып отырғандармен ертең қандай болашақ күтіп тұрғанын айту да қорқынышты. Тіпті қорқынышты! Ренжімеңіз, біз мешеу болып тынған елміз.

Ғылым мен технология саласына инвестор болатын азаматтар болмаса, ішкі потенциалыңды қор қылып, бойыңда шіріп, түкке аспай қалғанша, АҚШ пен Еуропаға барып өздеріңізді дамытыңыздар. Сосын түбі елге келіп сол білімді қолданған ләзім.

 

Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы