Біздің ұшақтар қанаты жұлынса да, ұша береді

2645
Adyrna.kz Telegram

Новосібірдің Толмачев әуежайында бір қанаты жұлынып кеткен ұшақ тұр деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «Тайга.инфо» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ұшақтың белінде Kazakhstan Air Force деген жазуы бар. Қазақшаға аударсақ, бұл жазу Қазақстан әскери әуе күштеріне тиесілі екенін аңғартады. Boeing 757−200 әуе кемесінің сол жақ қанаты жұлынып кеткен және бұл ұшақ қайдан келгені де әзірге белгісіз. Сонымен қатар ұшақтың қанаты неден жұлынғаны туралы да нақты ақпарат жоқ. UP-B5701 нөмірлі ұшақты Flightradar24 базасында тексерту барысында расымен де бұл әуе кемесі Қазақстанға тиесілі екені анықталды.

Қорғаныс министрлігі ұшаққа қатысты ақпаратқа қатысты түсінік беріп, ұшақты жөнднеу жұмысы жүріп жатқанын хабарлады.

"Қазақстанның әскери-әуе күштерінің ұшағы Ресейдің Новосібір қаласында "ОО S-7 ИНЖИНИРИНГ"-те жоспарлы техникалық қызмет көрсетуден өтіп жатыр. Жөндеу жұмыстары кезінде фюзеляж бөліктері мен агрегаттары алынған. Бұл сенсациялық жағдай емес," - делінген хабарламада.

 

Пікірлер