Шыңғыс хан қыпшақтарды Хорезм шахтың озбырлығынан құтқарды

4078
Adyrna.kz Telegram

Ертедегі Хорезм шах та түркілерден үрейленіп, қатты қорыққан. Сол себептен, Хорезм шах ханы Мұхаммад Қарахандықтар мен Қыпшақтарға түркі жолын жалғастырмасын деген ниетпен кезек-кезек шабуылдар жасап, ақыр соңында Қарахандарды күйретіп тынды.

Хорезм шах ханы өзі мұсылман дінінен болғанымен, өте жауыз адам болған. Ол түп-тегі құлдан тараған. Әбден мутантқа ұшырап, парсыланып (біздің уақыттағы профилімен айтсақ, орыстанып, мәңгүрттеніп, ұлттық болмысынан айырылған), өзінің тамырынан айрылып құлданған ортадан шыққан адам болатын. Ол Шыңғыс ханның тарих аренасына шыққанға дейін кәрі құрлықта бірнеше қалаларды жермен жексен етіп тастаған еді. Қазіргі тарихшылардың басым бөлігі сол қалаларды Шыңғыс хан ойрандаған деп орыстың жалған жазып берген тарихымен лағып, басқа да өтірік тарихи деректерді алға тартып, шынайы тарихты шаң астына қалдырып келеді. Орыстың жазып берген идеологиялық тарихы ең опасыздық саяси технологиямен жазылған. Қазіргі түркі халықтары орыстың опасыз тарихи идеологиясының тұманынан әлі арыла алмай жүр. Өз заманында Хорезм шах діні ислам болса да, қарақытайлардан да озбыр әрі қиянатшыл саясат жүргізген.

Ең басты мақсаты - түркі өркениетін құлату болған. Бірақ Шыңғыс хан тарих сахнасына көтерілгенде олардың мақсаты орындалмай, тас-талқан болып қирап қалған. Олар түркілердің ежелден хан тағына ең текті әрі батыр адамдарды отырғызып келгенін, әрі сол сабақтастықтың үзілмегенін де жақсы білген. Дәл осы тұсына талай рет қанжар сұққанымен, түркінің таудай рухын сындыра алмай кеткен. Сөйтіп жүргенде Хорезм Шахты Шыңғысхан тарих сахнасынан жойып жіберді. Олар текті түркілерді өздеріне ең қауіпті бәсекелес болатынын да білген. Қанын таза ұстайтынын да білген.

Хорезмшах жаулауы кезінде Шаш, Испиджаб, Ферғана, Қасан қалалары да Шыңғыс ханға жетпей қираған. Тарих өте әділетсіз өзгеріске ұшырап жазылған. Негізі Шыңғыс хан Хорезм шахты жаулау үшін емес, серіктес болу ретінде адамдар жіберген. Ал олар Шыңғыс ханның жіберген адамдарын өлтіріп тастады. Шыңғыс хан соған ашуға мініп, 1219 жылы соғысқа аттанды. Тас-талқан етті.

Тарихқа аса зер салсаңыз, Шыңғыс хан көзсіз жауыз, басқыншы болмаған. Егер ол сондай жауыз болса ең алып империяның негізін қалай алмаған болар еді. Тарихты бұрмалап, Шыңғыс ханды жауыз етіп өзгертуге орыстар тарапынан барынша күш салынған. Себебі, гендегі нағыз ерлікті идеологиялық жолмен жойып жіберуді көздеген орыс идеологтары барынша тырысып бақты. Қолдарынан келгенін жасады. Түркі жұртын түгел жинап, басын қосып кеткен де сол Шыңғыс хан еді. Шыңғыс ханды қаралап көрсету түркі жұртының өркениеті мен қуатын көмескілеу ғана.

Шыңғыс ханның шыққан атының өзі жауларының рухын басып тастаған. Әлі де басып тастап келеді. Тарих бәрібір жазылады. Шыңғыс ханның ыдырап кеткен түркі жұртының басын қалай қосып, біріктіргені де алдағы уақытта толық дәлелденеді деп ойлаймын. Сол кезде ұлы даланың заңы да қайта орнына келеді. Түркі жұрты Шыңғысхан өмірден өткеннен кейін, біраз ғасыр жасап, дүниені сілкіндіріп барып қайтадан ыдырап кеткенін тарихтан білесіздер.

Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер