Бейруттағы жарылыс: Қазақстан елшілігі қирап қалды

1257

Ливан астанасы Бейрут қаласында жойқын жарылыс орын алды. Салдарынан бірнеше ғимарат қирап, мыңдаған адам зардап шекті. Билік өкілдерінің айтуынша, жарылыс дәнекерлеу кезінде болған. Апат порт қоймаларының бірінде тәркіленген 2750 тонна аммиак селитрасының әсерінен болуы мүмкін.

">

Видеодан жарылыс жүздеген шақырымға жоғарыға көтеріліп, қаншалықты үлкен аймақты қамтығанын байқауға болады.

Жарылыс салдарынан әйелі мен қызы жарақат алған Ливан премьер-министрі Хасан Диаб оқиғаға кінәлілерді табуға уәде берді. Ол «Қоймада алты жыл бойы  алдын-ала шаралар қолданылмастан 2750 тонна аммиак селитрасының сақталуы мүмкін емес», - деді.