Министр "негатив" хабарларды азайтуға білек сыбана кіріскен сыңайлы

1114

Денсаулық сақтау министрлігі жұмысқа PR-мамандар, редакторлар, дизайнерлер, фото және видео түсіретін мамандар іздеп жатыр. Мұны "Курсив кз" сайты хабарлады

Маман іздеуді Facebook желісі арқылы хабарлаған жасыл технологиямен айналысатын ұйым түйіндемеге  Денсаулық сақтау министрлігінінің электронды поштасын көреткен.

Хабарламада компанияға қолға 300 мың теңге айлық алатын редакторлар, 450 мың айлыққа PR-менеджерлер, 250 мың теңге айлыққа – SMM-менеджерлер, 300 мың айлыққа – фотографтар мен видеграфтар және координатор-көмекшілер керек екені жазылған. Сонымен қатар, барлық қызметтердің әңгімелесу барысында талқыланатыны айтылған.

Министрліктің ресми өкілі Бағдат Қожахметов хабарландырудың ведомствоға қатысы бар екенін растап: «Бізге расымен, PR-мамандар керек. Жалақының көлемі әртүрлі. Ол Денсаулық сақтау министрлігінен, «СҚ-Фармация» компаниясынан, Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорынан төленеді.  Түрлі позициядағы маманды ДСМ-нің әртүрлі бөліміне шақыруға мәжбүрміз. Алдымызда министрліктің ақпарат орталығын құру міндеті тұр. Онда жүйенің қоғаммен байланысқа жауап беретін барлық қызметкері жұмыс істейді», - деп пікір білдірдіріпті.

Еске сала кетсек, Цой мырза шілденің орта тұсында  "БАҚ пен әлеуметтік желілерде Covid-19 туралы негатив хабарламалар 10 пайыздан аспауы керек" деген  еді. Редакторлар мен РR менеджерлерін қажетсінгеніне  қарағанда, әлгі сөзін жүзеге асыруға шындап кіріскелі жатқан сияқты. Оның үстіне қызметке алатын мамандарға талайды зар қақсатқан «СҚ-Фармация» компаниясынан ақша төлемекші. Министрлік миллиондарды пиарға емес, емге неге жұмсамайды?

 

Жанболат Сарықасқа,

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер
Редакция таңдауы