Карантинге қайта-қайта жабудың қажеті жоқ,- дейді ДДСҰ өкілі

2025
Adyrna.kz Telegram

COVID-19 індетінің алдын алу шаралары ретінде адамдарды қайта-қайта карантинге жапқаннан мемлекетке орасан шығын келеді. Сонымен қатар қайталап карантин енгізе беру вирустың тарауына тоқтау сала алмайды. Бұл туралы The Daily Telegraph Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) эпидемиологы Мария Ван Керкхове мәлімдеді.

ДДСҰ өкілінің айтуынша, карантиннің орнына басқа стартегиялық жоспарлардың тетігі іске қосылуы керек. Олай етпеген жағдайда карантинге жабылған елдің экономикасы орны толмас шығынға ұшырайды. Сонымен қатар эпидемиолог наурыз айында енгізілген карантин шаралары уақыт ұттыру үшін аса қажет болғанын, қоғамдық денсаулық сақтау ұйымдарына індетпен күресудің жолдарын анықтауға мүмкін бергенін тілге тиек етті.

Алайда Керкхове карантин ел экономикасына ғана емес, адамдардың денсаулығына да үлкен зарар бергенін баса айтты. «ДДСҰ карантин енгізуді қолдамайды. Кей елдер үшін өте жылдам тараған індеттің алдын алуға карантинді амалсыз енгізуге тура келді. Ендігі жерде мемлекеттерге карантин жағдайын енгізудің еш қажеті жоқ деп санаймыз», дейді ДДСҰ өкілі.

Сонымен қатар эпидемиолог алдағы жарты жылда коронавирске қарсы вакцинаның жасап шығарылатынына сенім жоғын да жасырмайды.

«Адырна» ұлттық порталы.

Пікірлер