Екібастұз ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жүзеге асуда

4309
Adyrna.kz Telegram

«Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасы шеңберінде Екібастұз аймағы бойынша жобаларды жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда. Іске асырылатын жобалардың жұмыс жоспары бекітіліп, тиісті іс-шаралар жүргізілуде.

Мәселен, "Ұлттық тарихты жаңғырту. Исабек Ишан кесенесін ("Киелі география"арнайы жобасы) насихаттау жұмыстары жүргізілуде.

Екібастұз өңірінің киелі жерлерінің республикалық картасына екі маңызды нысан кірді: Ақкөл-Жайылма қалашығы және Исабек Ишан Хазірет кесенесі.

Исабек Ишан кесенесі Ақкөл ауылдық округінде (Ақкөл-Жайылма) орналасқан. Биыл жергілікті бюджеттен электр беру желілерінің құрылысына 65,0 млн. теңге бөлінді.  Жұмысты "ABS - Electric" ЖШС мердігерлік ұйымы (Талдықорған қ.) орындады. Бүгінде электр желісінің құрылысы аяқталған. Сондай-ақ кесенені және оған іргелес аумақты абаттандыру бойынша іс-шаралар өткізілді. Бұл жұмыс демеушілік қаражат тарту есебінен ұйымдастырылған. Мұның бәрі еліміздің басқа өңірлерінен келушілер мен туристер санын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

Облыстық тізімге "Ақ бидайық", "Әулиекөл қорымы" және "Өлеңті жазбалары" петроглифтері енгізілді. Осы киелі орындарды қоршау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Сондай-ақ, төрт жаңа нысан анықталды:

            Күреңбай сыншы зираты (атақты жылқы білгірі Күреңбай Бекұлы өмір бойы шешендік өнерімен танымал болған.  Мазары Төртүй ауылынан солтүстік-батысқа қарай 4 км жерде орналасқан. Бұл мазар жергілікті маңыздылығы бар қажылық нысаны болып табылады. Ескерткішке келетін адамдар дұға оқып, құрбан шалады, бұрынғы өткен ата-бабаларынан қолдау сұрайды).  

            Түйте әулиесінің тасы (Бұл тас Әулиекөл көлінің жағасында, Қаражар ауылының маңында орналасқан. Ескерткіш екі үлкен тастардың қалдықтарынан тұрады. Қазіргі уақытта бұл тастар жерде жатыр және жергілікті тұрғындар оған қоршау жасаған.  Ауыл адамдары қасиетті тастың жанынан өтерде оған дұға етеді, тілек тілейді.

 

 

 

            Әулиекөл көлі (Әулиекөл көлі Екібастұз қаласының ауылдық аймағының солтүстік-батысында орналасқан. Ғалымдардың пікірінше, көлдің емдік қасиеттері бар. Қасиетті су әр түрлі тері ауруларын, жарақаттарды емдейді. Бұл көлде шомылу адам денсаулығына жағымды әсер етеді).

            Амалдық сопының мазары (Бұл жерде кезінде белгілі уағызшы болған Амалдық сопы жатыр. Кесенені оның балалары салған. Балшықтан кірпіш жасау технологиясының арқасында құрылыс ұзақ уақыт бойы жақсы сақталған. Сазға жүн және басқа да компоненттер араластырылған, сондықтан бекіністің кірпіштері ұзақ уақыт бойы мықты болады).

Барлық жобалар мен жоспарлар дәйекті түрде орындалуда.

 

 

 

Екібастұз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер